Бостондағы L-188 ұшағымен (америкалық турбиналы-винтті ұшақтардың бірі) болған апат — 1960 жылы 4 қазанда сейсенбі күні кешке Бостон қаласының шет жағында (штат Массачусетс) болған ірі авиациялық апат. Турбиналы-винтті Lockheed-188A Electra авиалайнерімен Eastem Air Lines (EAL) америкалық авиакомпаниясы Бостоннан Филадельфияға қарай жолаушылар тасымалын жасаған болатын, алайда ұшақтың әуеге көтерілгеніне жарты минут өтпей жатып ол Бостон айлағына құлады және осы апаттан 62 адам қаза тапты. Апаттың шығу себебін ұшақтың бір топ қараторғаймен соқтығысып қалуымен түсіндірді, соның нәтижесінде бірнеше қозғалтқыштар істен шыққан, үйлесімсіздік орын алған әрі жылдамдық пен көтергіш күш тепе-теңдігін жоғалтқан.

Бұл - құстармен соқтығысу салдарынан орын алған ірі авиациялық апат.Logan Airport Electra Crash, the Worst Bird Strike in History (ағылш.ASN Aircraft accident Lockheed L-188A Electra N5533 Boston-Logan International Airport, MA (BOS) (ағылш..

Ұшақ Lockheed L-188A Electra тіркеу нөмірі N5533 (зауыттық— 1062) Eastern Air Lines авиакомпаниясына 8 маусым 1958 жылы әкелінді. Оның жалпы атқарған жұмыс көлемі - 3526 сағат 29 минут. Оның әрбір төртінші күш беретін қондырғысы Aeroproduct өндірген әуе винтпен жабдықталған A644IFN-606 үлгідегі Allison 501-D13 маркалы турбиналы-винтті қозғалтқыштан тұрды. Бірінші қозғалтқыштың (сол жақтағы соңғы) жалпы атқарған жұмыс көлемі 2515 сағат  54 минутты құрады, екіншісінің жұмыс көлемі (сол жақтағы ішкі) — 2707 сағат 46 минут, үшіншісінің жұмыс көлемі (оң жақтағы ішкі) — 2783 сағат 6 минут, ал төртіншісінің жұмыс көлемі (оң жақтағы шеткі) — 3144 сағат 4 минутты құрады..

Экипаж Ұшу экипажында  (кабинада) екі ұшқыш және бортинженері болды: Әуе кемесінің командирі — 59 жасар Кертис В. Фиттс (ағылш. Curtis W.Fitts).  EAL авиакомпаниясында 1934 жылдың 13 желтоқсанынан бері Martin 2-0-2, 4-0-4, Convair 240, -340, -440, Douglas DC-4, DC-6, DC-7, Lockheed Constellation и Lockheed L-188 Electra ұшақтарының ұшқышы маманы болып жұмыс істейтін. Оның жалпы ұшу  өтілі - 23 195 сағат, оның ішінде 1053 сағатын Lockheed L-188 ұшағында өткізген болатын. Екінші ұшқыш — Мартин Дж. Каллоуей (ағылш. Martin J. Calloway).  EAL авиакомпаниясында  1953 жылдың 5 қазанынан бері  Martin 2-0-2, 4-0-4, Convair 240, -340, -440. ұшақтарын басқаратын. Оның жалпы ұшу өтілі - 5820 сағат, оның  201 сағатында Lockheed L-188 ұшағымен ұшқан болатын. Бортинжерені— Малькольм М. Холл (ағылш. Malcolm M. Hall). EAL авиакомпаниясында  1953 жылдың  7 желтоқсанынан бастап жұмыс істейтін. Планерлер (моторсыз ұшатын жеңіл аппарат) мен қозғалтқыштарды жөндеу технигі қызметін атқаратын.  Оның жалпы ұшу өтілі 7796 сағатты құрады, оның ішінде 369 сағатын Lockheed L-188 ұшағында өткізді. Салонда екі аспансерік жұмыс істеді Electra Plane Crash Kills 61  (ағылш.: Джоан Берри (ағылш. Joan Berry) Патрисия Дэвис (ағылш. Patricia Davies)

Апат N5533 борты Бостонға 15:33 Здесь и далее указано Североамериканское восточное летнее время (EDT)-те EA-444 рейсімен Нью-Йорктен келді. Бұл рейс еш ауытқушылықсыз өтті, осыдан соң экипаж  Бостон — Филадельфия — Шарлотт — Гринвилл — Атланта бағыттары бойынша EA-375 рейсіне дайындала бастады. Берілген жоспар бойынша Филадельфияға дейінгі ұшу «Victor 3» және «Victor 147» әуе дәліздері арқылы жүруі керек еді; ұшу эшелоны 10 000 фут (3000м) деп анықталып отырған.. Бортта 67 жолаушы, 5 экипаж мүшелері болған, ал жалпы бактағы жанар-жағармайы 24900 фунтты (11300 кг) құрады. Авиалайнердің жалпы салмағы 97 987 фунт (44 446 кг) деп анықталды. Ауа райы ұшуға қолайлы болатын: көшпелі бұлт биіктігі 6000 фут (1800м) және 12000 фут (3700м),  жел оңтүстік-шығыстан соғып тұрған, көру мүмкіншілігі 15 мильді құрады.

17:34-те рейс 375 жолында тұрды, бұл кезде диспетчер ұшақтың жылжуына жөн сілтеді — Натик     . торабына өтуі керектігін хабарлады, 3000 фут (910м) биіктікке көтеріліп, бірнеше минут ұшу бағытын сақтауы керектігін айтты. Сонымен қатар экипаж ауа райының қолайлылығына  және ұшақ салмағына байланысты жылдамдықты анықтады: V1 (шешімі қабылданды), VR (алдыңғы тіреудің көтерілуі) және V2 (104, 116 және 121 жол тораптарына сәйкес жерден көтерілу)  Ұшақ Логан әуежайының 9-жол торабымен жүрді де, 17:39-да ұшуға екпін ала бастады. Куәгерлердің айтуына қарағанда,  375 рейсі шамамен 2500 фут (760 м) болатындай жолды жүріп өтті, одан кейін жерден көтерілді, 30 фут (9,1м)  биіктікке көтерілді, 40 фут (12м)  биіктікке көтерілгенде, шассиді (ұшақтың доңғалағы бекітілетін қозғалмалы не қозғалмайтын құрылғы) жинады, одан кейін әуеге көтерілуді жалғастырды.

Алайда лайнер енді көкке көтерілгені сол еді, № 1 қозғалтқышта (сол жақтағы шеткі) сұр түсті түтін пайда болды, ал басқа куәгерлер № 2 (сол жақтағы ішкі) қозғалтқышта отты шарды сипаттады. Машина алдымен солға қарай ауытқыды, одай кейін өзінің бастапқы курсы 030°-на келді. Бұл кезде жылдамдық та сондай жоғары емес еді.100 фут (30м) биіктіктен 200 фут (61м) биіктікке көтерілген «Электра» сол жаққа қарай жантая бастады, тез арада түзу бұрышты 90° жетті. Екі куәгер бір секунд аралығында ұшақты суретке түсіріп үлгерді. Бұл суреттерде N5533 борты шамамен 121 фут (37м) биіктікте және  030°курста  болған. Осыған қарамастан оның сол жаққа қарай жантаюы тез арада орын алған (суретте ол 8,5° және14° құраған). Содан кейін ұшақтың бас жағы тез арада төменге қарай құлдилай түскен, осыдан кейін сағат тіліне қарама-қарсы айналған авиалайнер 7000 фут (2100м) қашықтықтағы суға тігінен құлаған. Ұшақ тұрған жерден сол жаққа қарай 2000 фут (610м) қашықтықтағы 9-жол торабына қарай құлаған. .

Апат17:40-та, ұшу басталғаннан кейін  47½ секунд өткеннен кейін орын алды. Құлаған жері жағалаудан 600 фут (180м) алыс болғандықтан, ол жаққа қарай тірі қалғандарға көмектесу үшін қайықтар ұмтылды. Алайда тек тоғыз жолаушы және екі аспансерік құтқарылған еді. Кейінірек алған жарақатынан тағы бір жолаушы қаза тапты. Сонымен апаттан барлығы 62 адам қаза тапты: 59 жолаушы және ұшу экипажының барлық 3 мүшесі апат салдарынан көз жұмды.

Тергеу жүргізу

Ұшып-қону жолағын зерделеу thumb|250x250px|Бір топ қараторғайлар Қолда бар мәліметтерге сүйенетін болсақ, 9-жол торабында орын алған жағдайдан кейін, осы жердің 33 жол торабы мен ұшып-қону жолағының қиылысқан жерінен  көптеген құстардың өлекселері табылған. Өлекселерді зерттеген кезде оның қараторғай екені анықталған, ал жол торабынан 75 құстың өлексесі табылған. Сонымен қатар мамандар құстардың бәрінің 4 қазанның екінші жартысында өлгенін анықтай алды, яғни 375 рейсі апатқа ұшырағfн сәтте өлген.

Сынықтарды зерттеу thumb|288x288px|Судан шығарылған ұшақ қанатының фрагменті Оқиға болған түні АҚШ-тың жағалау күзеті судың төңірегін және судың астын қарап шықты, бұл лайнердің көп бөлігін тез арада табуға ықпалын тигізді. Жоғарыда айтқанымыздай, куәгерлердің сөзінше ұшақ тігінен құлаған,  ұшақ сынықтарын зерттеу барысында анықталғандай, расында да, ұшақ солға қарай жантая құлаған және суға бірінші болып ұшақтың сол қанаты құлаған әрі бөлініп қалған. Сонымен қатар суға ұрылған сәтте оң жақ ұшақ жазықтығы екі қозғалтқышымен де бөлініп қалған. Барлық төрт қозғалтқышы алынып, зерттелген. № 1 әуе винті  майысқан, ал қозғалтқыштың өзі суға құлаған сәтте жұмыс істемеген, алайда оның турбинасы мен компрессоры бұзылмаған. Ал қалған үш қозғалтқыш суға құлаған кезде жұмыс істеп тұрған, ал әуе винтінің қалағы қалыпты жұмыс жағдайына келтірілген. Қозғалтқыштардың күйіп кету, механикалық тұрғыдан бұзылу белгілері болмаған. Тексеру барысы көрсеткендей, күш беретін қондырғыдан басқа барлық ұшақ жүйесі, оның ішінде кабинадағы құрылғылар, басқару жазықтығы суға құлағанға дейін қалыпты жұмыс істеп тұрған.

Авиалайнердің құрылысын одан әрі зерттеу барысында тергеушілер маңызды айғақ тапты — бірінші және төртінші қозғалтқыштың (шеткі) майын суытатын генераторды суыту үшін ауа кіретін гондоланың (әуе кемесіндегі адам отыратын орын) ауасорғышынан  бірнеше құс қанаттары табылған. Үшінші қозғалтқыштың (оң жақтағы ішкі) генераторын суыту жүйесі каналынан тағы бір қанатты тапты. Сонымен қатар № 1, 2 және 4 қозғалтқыштардың газды трактасынан органикалық қалдықтар табылды, олар құстың бөліктеріне теңестірілді. Жеке қанаттарды зерттеу олардың қараторғайдікі, яғни жол торабынан табылған құс өлекселерініңкі екендігін дәлелдеді. № 3 қозғалтқыштан құс қалдықтары табылған жоқ.

Қозғалтқыштарды сынап көру Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жерге құлар алдында қозғалтқыштан түтін мен от көрінген. Сонымен қатар ұшып-қону жолағында көптеген құстардың өлекселері табылған, ал қалған құстың бөліктері қозғалтқыштан табылған. Бұл құстардың қозғалтқышқа кіріп кеткенін дәлелдейді. Бірақ әлі де бұның қаншалықты турбиналы-винтті қозғалтқыштың жұмысына әсер еткенін анықтау қажет еді. Сондықтан Allison 501-D13 қозғалтқыштары сынақтан өткізілді, яғни қараторғайлармен соқтығысып апат болған ұшақ моделі сынақтан өткізілді. Сынақ нәтижесінде төмендегідей шешім шығарылды::  Allison 501-D13 моделі конструкциясының беріктігін көрсетті, оның ішіне қараторғайлар кіргеннің өзінде ол бұзылмады.  Ұшып бара жатқанда немесе қалыпты жағдайда қозғалтқышқа құстар кіріп кеткенде, күші азайғанмен, қуаты 90 %  сақталды. Екі бірдей қараторғайдың қозғалтқыш ішіне кіру нәтижесінде қалыпты жағдайда қуат 15 %-ға, ал ұшу барысында 10 %-ға төмендеді. Тіпті, алғашқы күш азаю барысында да қозғалтқыш күші 50 %-дан төмендемеді.  Төрт қараторғайдың қозғалтқыш ішіне кіруі ұшу барысында аз ғана уақытқа қозғалтқыш күшін 50 %-ға төмендетті, алайда содан кейін қуат қалыпты жағдайға, 85 %-ға, қайта келді.  Алты қараторғайдың қозғалтқыш ішіне кіруі ұшу барысында қозғалтқыш күшін 23 %-ға төмендетті. Алғашқы төрт секундта қозғалтқыш күші  50 %-дан төмен түсті. Бір кезде, тіпті, қозғалтқыш істен шықты. Ал келесі бір сынақта 7 секунд бойы қозғалтқыш күші 50 % күшті ұстап тұрды.  Алайда бұл да қалыпты эксплуатацияда қозғалтқышты апатты жағдайға алып келер еді.  Бірден сегіз қараторғайдың қозғалтқыш ішіне кіруі автоматты жүйенің бұзылуына алып келді. Екі сынақта  қозғалтқышты іске қайта қоса алмады, ал бір сынақта қозғалтқышты қайта қосқанда, оның температурасы көтеріле бастады, сондықтан қозғалтқышты өшіруге тура келді.  Қозғалтқыш ішіне сегіз қараторғайдың кіруі және олардың топпен төрт-төртеуден кіруі қозғалтқышты қайта қосуда қиындық тудырды, ал  бір сынақта қозғалтқышты қайта қосқанда, оның температурасы тез көтеріле бастады. Ал тағы бір сынақта қозғалтқыш жұмыс істей бастады және тек 10 секундтан кейін ғана оның қуаты  50 %-дан көтерілмеді. Екі жағдайда да автоматты флюгир жүйесінің істен шығуына алып келді. 

Берілген мәліметтерді сараптау left|thumb|267x267px|Кәдімгі қараторғай Куәгерлердің сөзіне қарағанда, әуежайда бір топ құс жем жеп тұрған, ал оларды аспанға көтерілген ұшақ дауысы шошытып жіберген. Осыдан кейін бірнеше құс төрт қозғалтқыштың үшеуіне кіріп кеткен. Алғаш төрт қараторғай кіріп кеткен бірінші қозғалтқышқа (сол жақтағы шеткі) зардап келген, соның салдарынан ұшақтың сол бетінен от шыққан және күші 500 фунтке (230кг) төмендеген, №1 әуе винтінің автофлюгир жүйесін істен шығарған.  Одан да көбірек құс, шамамен алты шақты, екінші қозғалтқыш ішіне кірген, нәтижесінде қозғалтқыш күшінің  күші тез арада төмендеген. Алайда экипаж, мүмкін, бұл қозғалтқышты қайта қосуға тырысқан. Соның нәтижесінде қозғалтқыштың артқы жағынан куәгерлер көрген от шыққан. Сынақ нәтижесі бойынша, бес-алты секунд өткен соң қозғалтқыш жүйеге келуі керек, алайда қуаты қалыпты жағдайдан екі есе төмендейді. Төртінші қозғалтқышқа, бәлкім, соншалықты көп құс кірмеген, себебі куәгерлер ол жақ беттен ерекшеленетіндей ештеңе байқамаған, сондықтан ол жақ беттің күші төмендемеген.