Харолд Эллиот Вармус (; 18 желтоқсан 1939, Фрипорт, Нью-Йорк) — американдық дәрігер-вирусолог, «Ретровирустық онкогендердің жасушалық табиғатын ашқаны үшін», Майкл Бишоппен бірге бөліскен Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1989 жылғы лауреаты. Слоан-Кеттеринг мемориалдық онкологиялық орталығының (Нью-Йорк) президенті әрі басшысы.

Өмірбаяны Харолд Вармус өмірге 1939 жылы 18 желтоқсанда Фрипортте (Нью-Йорк) келген. Амхерст колледжін бітіріп, Гарвард университетіне түсті, ол тек бір жыл әдебиет мамандығы бойынша оқыған ол, Дәрігерлер мен хирургтердің Колумбия колледжіне (Нью-Йорк) ауысты. 1968—1969 жылдары Медицина мектебін бітіргеннен кейін Колумбия пресбитериан ауруханасында жұмыс істеді және Ұлттық денсаулық институтында қысқаша тағылымдамадан өтті, онда цАМФ бактериалық гендердің экспрессиясын қалай басқаратынын зерттей бастады. 1970 жылы Сан-Францискоға көшіп келіп, ондағы Калифорния университетіне Майкл Бишоптың лабораториясына пост-докторант болып орналасты. 1970 жылдан — микробиология және иммунология бөлімінің профессоры. 1984 жылдан — молекулярлық вирусология атаулы профессоры.

1989 жылы Бишоп пен Вармус өздерінің зерттеулері үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді.

Ұлттық денсаулық институтының директоры (1993—1999). 2000 жылдан — Слоан-Кеттеринг мемориалдық онкологиялық орталығының (Нью-Йорк) президенті әрі басшысы.

Дереккөздер

Сілтемелер Нобельдік жүлде сайтындағы өмірбаяны

Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:Амхерст колледжі түлектері Санат:АҚШ иммунологтары Санат:АҚШ микробиологтары Санат:АҚШ вирусологтары Санат:Молекулярлық биологтар Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері