PhD-доктор (Философия докторы, PhD) (, ) — тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже.Ғылым туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы
Қазақстанда PhD-докторларды дайындау 2005 жылдан бастау алады, бастапқыда (2005-2011 жылға дейінгі аралықта) PhD-докторантура бітірген тұлғалар тек академиялық дәреже иеленді. PhD-доктор ғылыми дәрежесі тек 2011 жылдан бастап берілетін болды.Докторантура PhD как она есть или "Философский камень преткновения" Екі жылда жүзден астам қазақстандық ғалымдар PhD философия докторы дәрежесін алды
Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру тәртібі Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті докторантураны бітірген Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға диссертациялық кеңестердің ұсынысы негізінде, Комитеттің консультативтік-кеңес беру ұйымы болып табылатын тиісті Сараптау кеңесінің қорытындыларын ескере отырып береді.
Қазақстанда Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шет елдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі.Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығы
PhD-докторантура мамандықтары Қазіргі таӊда Қазақстанда 145 PhD-докторантура мамандығы тіркелген.Специальности докторантуры PhD в Казахстане
Дереккөздер
Санат:Ғылыми атақтар және шендер Санат:Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру Санат:Философия докторлары