Иван Федорович Махорин (1916 ж. Атырау облысы, Индер ауданы, Горы с., 1998 ж. Ресей Воронеж қ.)– жауынгер, Кеңес Одағының Батыры. Соғысқа дейін Қарақалпақстанда жұмыс істеген Қызыл Армия қатарына 1942 жылы шілде айында шақырылды. Қызыл Тулы 6-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында Орталық және 1-Украина майдандарында шайқасты. Орталық майданның 13-армия жауынгерлері Днепрден өту ұрыстарын 1943 жылы 22 қыркүйекте бастады. Бірінші болып ұрысқа гвардия сержанты Махориннің пулемет бөлімшесі кіріп, оң жағалық плацдармды ерлікпен қорғадыУказ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 15 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 23 января (№ 4 (264)). — С. 1..

Соғыстан кейін Қызылорда қаласындағы «Қызылордақұрылыс» тресінде жемісті еңбек етті.

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1916 жылы туғандар Санат:Индер ауданында туғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Воронежде қайтыс болғандер