Айдарлы — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Айдарлы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 115 км-дей жерде, Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1932 жылы осы өңірдегі Әудек, Құмшығанақ, Сарықұм, 1934 жылы Ақарық, Мақпалкөл жерлерінің тұрғындары бірігіп, алғашқы мойынсерік (ТОЗ) құрды. Ол 1935 жылы ірілендіріліп «Айдарлы» ұжымшары болды. 1958 жылы ұжымшар «Бірінші Мамыр» ұжымшарына, 1963 жылдан «Амангелді» кеңшарына біріктірілді. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2338 адам (1180 ер адам және 1158 әйел адам) болса, 2009 жылы 1892 адамды (957 ер адам және 935 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Дереккөздер

Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) елді мекендері