Елизавета Петровна Глинка (Доктор Лиза лақап атымен кең танымал; 20 ақпан 1962, Мәскеу — 25 желтоқсан 2016, Қара теңіз айдыны, Сочи қ. маңы, Ресей) — ресейлік филантроп, білімі бойынша дәрігер-реаниматолог, паллиативтік медицина (АҚШ) саласындағы маман, «Справедливая помощь» қорының атқарушы директоры. Азаматтық қоғам дамуы және адам құқығы бойынша РФ президенті жанындағы Кеңес мүшесі.Состав совета

Өмірбаяны 1986 жылы балалар реаниматолог-анестезиологы мамандығы бойынша Н. И. Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Сол жылы күйеуі шығу тегі орыс американдық адвокат Глеб Глебович Глинкамен бірге АҚШ-қа қоныс аудардыГлинки возвращаются в Россию : Национальный исследовательский университет «Высшая школа экономики» . 1991 жылы Дартмут колледжіндегі Дартмут медициналық мектебінде «паллиативтік медицина» мамандығы бойынша екінші білімін алған. Американдық азаматтығы бар. Америкада хоспистердің жұмысымен танысты.

2007 жылы Мәскеуде «Справедливая Россия» партиясымен қаржыландырылатын «Справедливая помощь» қайырымдылық қорын негіздеді. Қор материалдық қолдау және өліп бара жатқан онкологиялық ауруларға, онкологиялық емес бағыттағы аз қамтылған ауруларға, баспанасыздарға дәрігерлік көмек көрсетеді. Апта сайын еріктілер Павелец вокзалына барып, баспанасыздарға тамақ және дәрі-дәрімектер таратады, сонымен қатар оларға тегін заңгерлік және медициналық кеңестер береді. 2012 жылдың есеп беруі бойынша, қор орташа есеппен жыл сайын Мәскеу қаласының және Мәскеу облысының ауруханаларына шамамен 200 адамды бағыттайды. Сонымен қатар қор баспанасыздарды жылытуға арналған орындарды ұйымдастыруымен айналысады.

Украина шығысындағы қарулы қақтығыстың басталғанынан ДХР және ЛХР аймақтарында тұратын адамдарға көмек көрсеткен. 2014 жылдың қазанында безге сіздің президентіңіздің саясаты ұнамайды деген желеумен дәрі-дәрімек жүктеріне кепілдік бермегені үшін Қызыл кресттің халықаралық комитетін (ҚКХК) айыптады. ҚКХК-ның Ресейдегі, Беларусьтегі және Молдовадағы аймақтық делегацияның басшысы Паскаль Кютта бұл айыптарды жоққа шығардыПавел Тарасенко. У нас большое желание вернуться в Донбасс Газета Коммерсантъ № 193 от 23.10.2014, стр. 8Доктор Лиза опровергла присутствие российских войск в Донецке Телеканал Дождь, 31.10.2014. 2014 жылғы қазанының аяғында Елизавета Глинка «Правмир» порталына сұхбат берді, где якобы прозвучали слова: «Донецкіде жиі болып тұратын адам ретінде, ол жерде Ресей әскерлері жоқ болғанына мен еш күмәнсіз сендіре аламын, ұнайма біреуге, әлде ұнамайма». Бұл сөздері үшін Глинка бір топ адамдармен сынға алынды. Бірақ, біраз уақыттан кейін Глинка бұл мәтіннің нұсқасын жоққа шығарды, ал «Правмир» порталы осы мәлімдемеден кейін өз қатесін мойындап, сұхбаттын түзетілген нұсқасын жариялады: «Донецкіде жиі болып тұратын адам ретінде, ол жерде мен Ресей әскерлерін көрген жоқпын». Кейін, «Сноб» журналына берген сұхбаты кезінде, тек қана өзінің жеке бақылауы туралы айтқанын дәйектедіЕлизавета Глинка: Импотенция — это когда женщина ездит на войну спасать детей, а мужчины поливают её за это дерьмом Сноб, 24.11.14.

Елизавета Петровна Глинка 2016 жылдың 25 желтоқсан күні Сочи манындағы Ту-154 ұшағының апаты кезінде қайтыс болды.Муж Доктора Лизы подтвердил, что та села на борт упавшего Ту-154 Сирияға Латакиядағы университеттік ауруханасына арналған дәрі-дәрімектер топтамасын жеткізу үшін барған.

Дереккөздер

Санат:Ресей медиктері