Мыңғытөбе — бірнеше жүз қорғандардан тұратын обалар. Түркістан облысы Шардара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде. Обаларды 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Е.И. Агеева және Г.И. Пацевич) зерттеген. Обалар отыз-қырықтан топ-топ болып бір-бірімен жалғаса үйілген. Үш обаға мүрдені өртеп барып қойғандығы анықталды. Өліктерді өртеп жерлеу салты мен обаларды жасау әдісі олардың біздің заман VII–IX ғасырларында өмір сүрген тайпалардың қорымы екенін дәлелдейді."Қазақ энцклопедиясы - VI"
Дереккөздер
Санат:Археологиялық ескерткіштер Санат:Түркістан облысы