Лукас Васкес Иглесиас (; 1 шілде 1991 жыл, Куртис, Испания) — испан футболшысы, қорғаушы.
Мансабы Карьерасын Испанияның төменгі лигаларында ойнайтын "Куртис", "Урале" клубтарында бастаған. 2007 жылдан бастап "Реал Мадрид" клубына келіп қосылды. Кейін "Реал Мадрид Кастилья" клубында 2014 жылға дейін ойнады. 2013 жылы команда "Сегундаға" жолдама алды да, Лукас Васкес "Реалдың" негізгі құрамына өтуге мүмкіндік алды. 2014 жылы "Эспаньол" клубына жалға берілді. Екінші турда "Севильяға" қарсы матчта жаңа клубының сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Маусым бойы жақсы өнер көрсетті де, "Эспаньол" басшылығы оны біржола сатып алғысы келіп ұсыныс жасап еді, "Реал" тарапы келіскен жоқ. 2015 жылы "Реалға" қайта оралды да, негізгі құрам ойыншыларының біріне айнала бастады.
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қарсаңында Грузияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. ЕУРО-2016 турниріне барған 23 футболшының қатарына іліккенімен, негізгі құрамда алаңға шыға алмады.
Жетістіктері Реал Мадрид Испания чемпионы (4): 2016/17, 2019/20, 2021/22 2023/24 Испания кубогы (1): 2022/23 Испания суперкубогы (2): 2017, 2022 Чемпиондар Лигасы (5): 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2021/22, 2023/24 УЕФА Суперкубогы (4): 2016, 2017, 2022, 2024 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (3): 2016, 2017, 2018 ФИФА құрлықаралық кубогы (1): 2024
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Испания футболшылары Санат:1 шілдеде туғандар Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары