Дмитрий Николаевич Бяков (9 сәуір, 1978 жыл, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО) — Қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. Құрама сапында 33 ойын өткізіп, 8 гол соққан.
Мансабы Клубтық Карьерасын 1998 жылы "Қайрат" клубында бастаған. 2009 жылы "Жетісу" сапына қосылғанымен, әкесі қаза болды да, үйіне кетіп, қайтадан клубқа оралмады. Сондықтан клуб онымен болған келісім шартты бұзды. Бяков сол күйі карьерасын аяқтады.
Құрама 2003 жылы 9 сәуірде, өзінің 25-ке толған туған күнінде әлдекімдермен ерегісіп, олар мұның жүрек тұсынан пышақтап кетеді. Біраз уақыт емделіп жазылып қана қоймай, үлкен футболға, сонымен бірге ұлттық құрамаға да қайта оралады. Ұлттық құрама сапында сегіз жылдай ойнады. 2008 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде бес гол соқты.
Ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын 2008 жылы 6 қыркүйекте ӘЧ-2010 іріктеуінде Хорватияға қарсы өткізді.
Құрама сапындағы голдары №МерзіміСтадионҚарсыласЕсепМатч мәртебесі 1. 23 04 2001 Орталық стадион, Алматы Макао 5–0 ӘЧ-2002 іріктеуі 2. 23 04 2001 Орталық стадион, Алматы Макао 5–0 ӘЧ-2002 іріктеуі 3. 6 09 2006 Т. Бахрамов, Баку 1–1 ЕУРО-2008 іріктеуі 4. 7 03 2007 Қ. Мұңайтпасов, Шымкент Қырғызстан 2–0 Жолдастық 5. 22 08 2007 Ратина, Тампере Финляндия 2–1 ЕУРО-2008 іріктеуі 6. 12 09 2007 Орталық стадион, Алматы 2–2 ЕУРО-2008 іріктеуі 7. 13 10 2007 Әскери стадион, Варшава 3–1 ЕУРО-2008 іріктеуі 8. 17 10 2007 Орталық стадион, Алматы 1–2 ЕУРО-2008 іріктеуі
Жеке өмірі Екі рет үйленген. Әйелінің аты Наталья, қызының аты Арина.
Сілтемелер
Санат:9 сәуірде туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Анжи ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Алматы ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары