Көріскенше қош бол, Медеу! — 1982 жылы "Қазақфильм" және Чехословакияның "Экспорт фильм" кинстудиялары бірігіп түсірген комедия жанрындағы көркем фильм.
Мазмұны Чехословакиядан келген қонақтар қазақтың "Қыз алып қашу" атты дәстүрі жайлы қойылымдар түсірмек болады. Қазақстанға келген соң оларға бірнеше адам жол көрсетіп жүреді. Ұлттық ойын ұйымдастырулар барысында көптеген қызық оқиғаларға тап болады. Тіпті біреулер қыз ұрлаймын деп қателесіп, бұларды екі рет кілемге орап алып қашады.
Ұйымдастырулардың жартысы ашық далада, жартысы "Медеу" мұз айдынында өтеді. Даладағы шаралар қонақтарға ежелгі қазақ ауылының шынайы бейнесін көрсету үшін өткізіледі. Ол жерде киіз үйлермен, қазақы дастархандармен, ұлттық спорт ойындарымен (теңге ілу, қыз қуу) таныстырады.
Фильмге «Мұздағы балет» Мәскеу мемлекеттік ансамблі, «Отырар сазы», «Гүлдер», «Көкшетау», «Алматының жас балеті» қатысты.
Рөлдерде Роза Рымбаева Досхан Жолжақсынов Ерік Жолжақсынов Қасым Жәкібаев Димаш Ақымов Олдриж Кайзир Иржи Лабус Гелена Бондрачкова Құдайберген Сұлтанбаев Камал Қармысов Владимир Шмерал Франк Шовен Ярослав Возаб Милан Мах
Басқа да фактілер 2016 жылы қыркүйек айында Алматыда фильмнің 35 жылдығы атап өтілдіhttps://brod.kz/kz/news/filmu-do-svidaniya-medeo-ispolnilos-35-let-kz/.
Дереккөздер
Сілтемелер Фильмді тамашалау Фильмді тамашалау Санат:1982 жылғы фильмдер Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:Қазақстан кинокомедиялары