Мысалы Маханбетов (15.01.1925 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы) - Ұлы Отан соғысының ардагері.

Өмірбаяны 1934-1941 жж.- Коммунар орта мектебінде оқып, білім алған. 1941-1943 жж.- Саудакентте әртүрлі жұмыстар істеген. 1943 ж. - майданға алынып, №53 минометшілер батальонында минометші, снайпер болған. 1950 ж. - елге оралып, соғыстан кейін Алматы кинофикация техникумында дәріс алған. 1964-1979 жж.- Сарысу аудандық мәдениет үйінде жылжымалы киноқондырғы саласында еңбек етті. 1979-1991 жж.- Жаңатас қаласындағы автокөлік мекмесінде еңбек етті. 1986 жылдан - зейнеткер.

Марапаттары I дәрежелі Отан соғысы ордені Кеңес Одағының маршалы Г.Жуков медалі. Сарысу газеті, №45-46, 05.05.2018 ж.

Дереккөздер

Санат:15 қаңтарда туғандар Санат:Ұлы Отан соғысы минометшілері Санат:Алматы кинофикация техникумы түлектері