Гал Гадот (, ;https://www.youtube.com/watch?v=208qNSQTyE4 туылды 30 сәуір 1985 https://www.allmovie.com/artist/gal-gadot-p626487) — израильдік актриса, модель және продюсер. 18 жасында ол 2004 жылы Израиль аруы атанды. Содан кейін ол Израиль қорғаныс күштерінде дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушы ретінде екі жыл қызмет етті, содан кейін IDC Herzliya колледжінде заң және халықаралық қатынастарды оқи бастады, сонымен бірге өзінің модель және актёрлік мансабын құрды.https://www.gq.com/story/the-gal-gadot-next-door-profilehttp://www.ynet.co.il/articles/0,7340,L-3868197,00.HTML
Өмірбаяны Гал Гадот 1985 жылы 30 сәуірде Рош-ха-Аине (Израиль) қаласында дүниеге келді. Ол 2004 жылы, 18 жасында “Израиль Аруы” байқауында қатысып женді. Кейін өз елін “Әлем аруы” байқауында көрсетті. Байқаудан кейін фильмдер мен жарнамаларда түсірілу үшін көптеген израильдік (Elite, Супер-Фарм) және еуропалық (La Perla Lingerie, Arena, Danza, Esprit) компаниялардан ұсыныстар алды. Оған қоса Гадот сәнді журналдардың мұқабасында тұрды. 2007 жылы Maxim журналы израильдік әскери қызметін өткен модельдер үшін үйымдастырған фотосессиясында орын алды. Галмен түсірілген фото New York Post-тың бірінші бетінде жарияланды.
Бірінші рөлін ол «Бубот» сериалында алды. 2008 жылы «Форсаж 4» фильмінде орын алып, кейін оның жалғастырылған фильміндерде түсті - «Форсаж 5» (2011), «Форсаж 6» (2013).
2013 жылы Ғажайып Әйел рөлі ретінде Зак Снайдердің “Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы” (2016) фильміне бекітілді. 2014 жылдың қаңтар айында сол рөлді тағы екі фильмде (“Әділет Лигасы” мен “Ғажайып Әйел”) орындау үшін келісімшартқа қол қойды.
2020 жылы Гадот «Ғажайып әйел: 1984» жалғасы фильмінде бірге продюсерлік етті, сонымен қатар басты рөлді сомдады және Ғажайып әйел 3 фильміндегі рөлін қайталайды.
Жеке өмірі 2008 жылдан бастап Гал үйлену тойынан екі жыл бұрын кездескен израильдік кәсіпкер Ярон Варсаноға үйленді.https://www.glamour.com/story/gal-gadot-wonder-woman-cover-interview Ерлі-зайыптылардың екі қызы бар — Алма (2011 ж.) және Майя (2017 ж.).https://people.com/parents/gal-gadot-welcomes-daughter-maya/
Гал мен Ярон Тель-Авивтегі бутиктік қонақүйге ие болды, оны басқаруға көмектесті.https://web.archive.org/web/20160324034413/http://www.totallyjewish.com/entertainment/features_and_reviews/?content_id=16371 Олар 2015 жылы Роман Абрамовичке қонақ үйін $26 миллион долларға сатты.http://www.globes.co.il/en/article-roman-abramovich-buys-tel-aviv-hotel-1001028069
Фильмография Жыл Қазақша атауы Шың аты Рөлі 2007 хҚуыршақтар Bubot Мириам (Мерри) Елкаям 2009 фФорсаж 4 Fast & Furious Жизель Яшар 2009 хАнтураж Entourage Лиза 2009 хҒажап өмір The Beautiful Life: TBL Оливия 2010 фЕссіз кездесу Date Night Натаня 2010 фКүн серісі Knight and Day Наоми 2011 фФорсаж 5 Fast Five Жизель Яшар 2011 хҚұс Asfur Кика 2013 фФорсаж 6 Fast & Furious 6 Жизель Яшар 2014 фТікелей жасырын Kicking Out Shoshana Мирит 2015 фФорсаж 7 Furious 7 Жизель Яшар 2016 фҮш тоғыз Triple Nine Елена 2016 фБэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы Batman v Superman: Dawn of Justice Диана Принс / Ғажайып Әйел 2016 фҚылмыс Criminal Джилл Поуп 2016 фТыңшы көршілер Keeping Up with the Joneses Натали Джонс 2017 фҒажайып әйел Wonder Woman Диана Принс / Ғажайып Әйел 2017 фӘділдік лигасы Justice League Диана Принс / Ғажайып Әйел2018мфРальф интернетке қарсыRalph Breaks the Internet: Wreck-It Ralph 2Шэнк (дауыс)2020фҚызыл хабарламаRed notice 2020 фҒажайып әйел: 1984 Wonder Woman 1984 Диана Принс / Ғажайып Әйел 2021 хЗак Снайдердің Әділдік лигасы Justice League Диана Принс / Ғажайып Әйел2021фНіл өзеніңде өлімDeath on the Nileмиссис Линнетт Риджуэй-Дойл
Дереккөздер
Сілтемелер
Гал Гадот КиноПоиск дерекқорында Гал Гадот Instagram-да Гал Гадот Facebook-те Гал Гадот Twitter-де
Санат:Фотомодельдер Санат:Израиль фотомодельдері