ПелагиальҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл. ( — теңіз) — планктон, нектон, плейстон тәрізді теңіз организмдері тіршілік ететін көл, теңіз бен мұхит суының қабаты. Пелагиаль теңіздер және мұхиттарда горизонталь бойынша 2 белдемге: нериттік (қайраң үстіндегі мұз қабаты) және мұхиттық (судың қалған қабаттары), вертикаль бойынша (жарық таралуына қарай) 3 белдемге: эвфоттық (жарық жақсы таралған), дисфоттық (күңгірттеу), афоттық (жарық мүлдем таралмайтын) болып бөлінеді.
Тұщы су айдындарында Пелагиаль горизанталь бойынша 2 белдемге — жағалау маңы және өзіндік Пелагиаль, вертикаль бойымен 3 белдемге (темпрасының төмендеу шапшаңдығына байланысты — эпилимнион, металимнион және гиполимнион) бөлінеді. Дереккөздер</span>
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Санат:Мұхиттану