Марсио Роберто дос Сантос (; 15 қыркүйек 1969 жыл, Сан-Паулу) — бразилиялық футболшы, қорғаушы. 1994 жылғы әлем чемпионы. Карьерасы Құрама сапында 1990 жылы 12 қыркүйекте Испаниямен жолдастық кездесуде дебют ойынын өткізді. Бұл ойында Бразилия 0:3 есебімен ұтылып қалдыSpain — Brazil.

1994 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Камерунның қақпасына бір гол соқты. Финалда Италиямен ойыннан кейінгі пенальтилер сериясында Марсио бірінші боп соққы бағыттады, бірақ гол болмады. Сонда да бразилиялықтардың кейінгі соққылары сәтті орындалып, төртінші рет әлем чемпионы атанды. Марсио кейін 1997 жылы Америка кубогының жеңімпазы атанды.

2006 жылы карьерасын аяқтаған соң кәсіпкерлікпен айналысты. Өзінің жеке сауда орталығы бар.

Жетістіктері

Командалық

Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 1991 Әлем чемпионы: 1994 Стэнли Роуза кубогы: 1995 Құрлықаралық кубок: 1995 Америка кубогының жеңімпазы: 1997 Сан-Паулу штатының чемпионы: 1998 Бразилия чемпионы: 2001

Жеке

Бразилиядағы «Күміс доп» иегері: 1991 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Новоризонтино ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Ботафого ФК ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Паулиста ФК ойыншылары Санат:Боливар ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары