Бенжамен Павар (; 28 наурыз 1996 жыл, Мобёж, Франция) — француз футболшысы, «Интернационале» клубы мен Франция Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. 2018 жылғы әлем чемпионы.
Ұлттық құрамада Францияның 19 жасқа дейінгі құрамасы сапында 2015 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Бұл турнирде құрама жартылай финалға дейін жетті. Павар екі кездесуде алаңға шықты. Сондай-ақ 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ойнады.
2015 жылы күзде ұлттық құрамаға шақыртылды. 10 қараша күні Уэльспен жолдастық кездесуде екінші таймда алаңға шықты.
2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 1/8 финалда Аргентинаның қақпасына керемет гол соғып, есепті теңестірді (2:2). Бұл кездесуде Франция 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Командалық
Әлем чемпионы: 2018 Германия чемпионы: 2019/20 УЕФА Чемпиондар лигасы: 2019/20 УЕФА Суперкубогы: 2020 УЕФА Ұлттар Лигасының чемпионы: 2020/21
Жеке
Әлем чемпионатының ең үздік голын соқты: 2018 (Аргентинаның қақпасына)
Статистикасы Клуб 20 мамыр 2018 +КлубМаусымЛигаКубокЛига кубогыЕурокубокТағы даБәріЛигаОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолЛилль2014–151 лига800000——802015–161301030——160Бәрі21010300000240Штутгарт2016–172. Бундеслига21100———2112017–18Бундеслига34120———361Бәрі55220—0000572Барлығы76230300000812
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары