Андрей Крамарич (; 19 маусым 1991, Загреб, Югославия) — хорват футболшысы, «Хоффенхайм» клубы мен Хорватия құрамасының шабуылшысы.
Клубтық мансабы Загребтің «Динамо» командасының тәрбиеленушісі. Балалар және жасөспірімдер клубында ойнап-ақ 450-ден аса гол соғыпты. Бұл да өзіндік бір рекорд.
Кәсіпқой карьерасын 2009 жылы бастады. 24 мамырда Хорватия біріншілігінде "Загребке" қарсы ойнады.
Келесі маусымда еуротурнирлердегі дебютін өткізді. 15 шілде күні Чемпиондар Лигасының іріктеуінде Арменияның "Пюник" клубымен ойында алаңға шықты. 2009/10 маусымда Хорватия чемпионатында 24 кездесуде алаңға шығып, 7 голдың авторы атанды.
2012 жылы ақпанда "Локомотива" клубына жалға берілді. Бір маусымнан соң туған клубына қайта оралды. Бірақ негізгі құрамда орын жетіспей, ойын практикасын жетілдіру үшін "Риека" клубына кетті.
2015 жылы "Лестер Ситимен" үш жылдық келісім шарт жасасты. Бірақ сол маусымның ортасында-ақ "Хоффенхаймға" жалға кетті. Крамаричтің ойынына көңілдері толған германиялық клуб басшылары 2016 жылы жазда футболышын толығымен сатып алды.
Ұлттық құрамада Хорватияның барлық жастар құрамасында ойнады. Ал Ұлттық құрамаға алғаш рет 2014 жылы шақырту алды. 4 қыркүйек күні Кипрге қарсы ойында алаңға шықты да, 18 минутта Манджукичке нәтижелі пас берді. Бес күннен соң Мальта құрамасының қақпасына тұңғыш голын соқты.
2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері «Динамо» (Загреб) Хорватия чемпионы (2): 2009/10, 2010/11 Хорватия кубогы (2): 2010/11, 2013/14 Хорватия суперкубогы: 2014
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:19 маусымда туғандар Санат:Загребте туғандар Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары Санат:Хоффенхайм ФК ойыншылары Санат:Риека ФК ойыншылары Санат:Локомотива ФК ойыншылары Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары