Маруан Феллайни-Баккиуи (; 22 қараша 1987, Эттербек, Бельгия) — бельгиялық футболшы, тегі Марокколық. «Шаньдун Лунэн» (Қытай) клубы мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы.

2018 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Карьерасы

Клубтық "Андерлехт" клубының түлегі. Балалық шағында Бельгияның "Андерлехт" және де басқа бірнеше клубтарында ойнады да, 2006 жылы "Стандард" (Льеж) сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Өзінің екінші маусымында-ақ Бельгия чемепионы атанды.

2008 жылы "Эвертонға" өтті. 14 қыркүйек күні жаңа клубы сапындағы тұңғыш ойынын "Сток Ситиге" қарсы өткізді. 2011 жылы "Эвертонмен" келсісім шартын тағы бес жылға ұзартты.

2013 жылы 3 қыркүйекте "Манчестер Юнайтед" клубының футболшысы атанды. Тағы да жаңа клубында 14 қыркүйек күні тұңғыш рет алаңға шығуға тура келді, бұл жолы "Кристалл Пэласқа" қарсы ойнады.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында бірінші рет 2007 жылы 24 наурызда Португалияға қарсы ЕУРО-2008 іріктеу ойынында алаңға шықты. 2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

2019 жылы наурызда ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Жетістіктері Командалық

Стандард (Льеж)

Бельгия чемпионы: 2007/08 Бельгия суперкубогы: 2008

Манчестер Юнайтед

Англия кубогы: 2016 Футбол лигасының кубогы: 2017 Англия суперкубогы: 2016 УЕФА Еуропа Лигасы: 2017

Жеке

Бельгия чемпионатының ең үздік африкалық футболшысы: 2008 «Эвертонның» үздік жас ойыншысы: 2009 Премьер-Лигадағы қараша айының үздік футболшысы: 2012

Статистикасы

Клубтық

13 мамыр 2018

КлубМаусымЛигаКубокЕурокубокБасқа даБарыОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолСтандард (Льеж)2006/073037130004042007/083165130003972008/093000200050Бары64912280008411Эвертон2008/093085100003592009/102324071003432010/112015200002532011/123439200004352012/13311151000036122013/143011000041Бары14125297710017733Манчестер Юнайтед2013/141600050002102014/152764100003172015/161818281003442016/1728172110104732017/181643041002352018/190000000000Бары105122252821015619Барлығы3104663144331041763

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі «Манчестер Юнайтед» сайтында Профилі soccerbase.com сайтында Аккаунты Twitterде

Санат:Бельгия футболшыларыСанат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының ойыншыларыСанат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншыларыСанат:Шаньдун Лунэн ФК ойыншылары