Тимо Вернер (; 6 наурыз 1996, Штутгарт, Германия) — неміс футболшысы, "РБ Лейпциг" клубы мен Германия Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Мансабы 2013 жылы "Штутгарт" сапында кәсіби карьерасын бастады. Сол жылы Еурокубоктарға қатысып, еурокубок ойындарында алаңға шыққан тарихтағы ең жас ойыншы атанды. Артынша гол соғып, "Штутгарт" тарихындағы еурокубоктерде гол соққан ең жас ойыншы боп тіркелді. "Штутгарт" сапында 100-ден аса ойын өткізіп, 2016 жылы "РБ Лейпциг" сапына өтті. Сондай-ақ Тимо Вернер неміс лигасында 100-ден аса ойын өткізген ең жас ойыншы.

Германияның бірнеше жастағы құрамасында ойнап, 2017 жылы негізгі құрамаға шақыртылды. 2017 жылы Ресейдегі Конфедерациялар кубогына қатысып, турнир қорытындысында "Алтын бутсыны" жеңіп алды. Вернер бір жылдан соң әлем чемпионатына қатысты, бірақ құрама топтан шыға алмады.

Тимо Вернер анасының тегіне жазылған, әкесі — Гюнтер Шу да кәсіпқой футболшы болған.

Жетістіктері

Командалық

«РБ Лейпциг»

Германия чемпионатының күміс жүлдегері: 2016/17

Германия

17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2012 Конфедерациялар кубогы: 2017

Жеке

Германия жастар командасының үздік мергені (Оңт./Оңт.Шығыс дивизионы): 2013 Фриц Вальтер медалінің иегері (17 жасқа дейінгі ойыншылар арасында): 2013 Фрица Вальтер күміс медалінің иегері (19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында): 2015 Конфедерациялар кубогындағы "Алтын бутсы": 2017 Еуропа Лигасындағы "жыл командасы": 2017/18

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:6 наурызда туғандарСанат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:РБ Лейпциг ФК ойыншылары

Санат:Челси ФК ойыншылары