Меелис Рооба (; 20 сәуір 1977, Каарука, Роосна-Аллику, Ярвамаа) — эстон футболшысы, жартылай қорғаушы, футбол бапкері.

Карьерасы 16 жасында "Норма" сапында Эстония чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізді. 1995 жылға дейін "Нормада" ойнап, Эстонияның мықты клубтарының бірі "Флорамен" келісім шарт жасасты. Бірақ 18 жасар ойыншы клубтың негізгі құрамына оныға алмады, бірнеше жылдар бойы түрлі клубтарға жалға берілді. Соған қарамастан "Флора" сапында үш рет Эстония чемпионы атанып, 124 ойында алаңға шығып үлгерді.

2004 жылы "Флорадан" біржола кеткен соң не бары 27 жасында кәсіпқой карьерасын аяқтады да, Эстонияның төменгі лигаларындағы әуесқой клубтарда доп тепті.

2008 жылы бапкерлік жұмысын "Пайде" командасында көмекші-жаттықтырушы болудан бастады. Екі жылдан соң бас бапкер боп тағайындалды да, бұл қызметті 2016 жылға дейін атқарды.

Ұлттық құрамада 1996 жылы 7 шілдеде Эстония құрамасы сапында тұңғыш кездесуін Латвияға қарсы өткіздіFootball MATCH: 07.07.1996 Estonia v Latvia. 2004 жылға дейінгі аралықта 50 рет алаңға шығып, төрт голдың авторы атанды. Төрт голдың біреуін 2002 жылы 7 шілдеде Алматыда Қазақстан құрамасының қақпасына енгізіп, есепті теңестірді — 1:1.

Жетістіктері

Эстония чемпионы: 2001, 2002, 2003 Эстония чемпионатының күміс жүлдегері: 1996/97, 1999, 2000 Эстония суперкубогы: 2002, 2003, 2004

Басқа да фактілер Туған інісі Урмас Рооба да (1978 ж.) футболшы, Эстония құрамасы сапында 70-тен аса ойында алаңға шыққан.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Биография Профиль

Санат:20 сәуірде туғандар Санат:Эстония футболшылары Санат:Эстония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эстония футбол жаттықтырушылары Санат:Норма ФК ойыншылары Санат:Флора ФК ойыншылары Санат:Лелле ФК ойыншылары Санат:Пайде ФК ойыншылары Санат:Пайде ФК жаттықтырушылары