thumb|alt=A.| Римдік Зевс мүсіні. ІХ. жасалған көне нұсқасының қалпына келтірілген көшірме нұсқасы. Санкт-Петербург қаласы, Эрмитажда сақталған Зевс ()Hesiod, Theogony 542 and other sources. — ежелгі грек мифологиясындағы жоғарғы әмірші құдай, барлық құдайлар мен адамдардың ең мәртебелі құдайы. Ол ежелгі рим мифологиясы бойынша Юпитер (латынша:Jupiter) деп аталған. Мифологиялық аңыз бойынша, Зевс алып Крон мен Реядан туған кенже бала. Оның әйелі – Гера. Әкесінің үстемдігін құлатып, бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашқыда Зевс аспан әлемінің әміршісі деп есептелсе, кейін гректер оған адамзат қоғамы тіршілігінің билігін де береді. Олимп тауы Зевстің жер-әлемге үстемдік жүргізетін тұрақты мекені. Грек аңыздары бойынша, Зевстен Аполлон, Афина, Артемида, Арейя, Афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона, т.б. құдайлар мен біраз батырлар (Геракл, Персей, т.б.) тараған."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім thumb|left|200px|Найзағай ойнатқан Зевс, Людовик XIV сақтаған. Пьер Granier 1686 жылы найзағай көтерген білегін толықтаған.
Зевстің туылуы және Құдайлардың Құдайы атануы Зевстің әкесі Крон, атасы Аспан құдайы Уранның билігін аударып тастап, ең жоғары билікті өз қолына алған екен. Ол Реяға үйленген, екеуінің көптеген балалары болған. Бірақ Уран өлер алдында Кронға өз баласы жағынан өлтірілетінін болжап айтып кеткен екен. Сонымен, өлімнен қорыққан Крон, барлық балаларын туыла сала жеп қойып отырған. Крон өзінің үш қыз, екі ұлын жеген соң, Рея жаңа туған Зевсті де жегізіп қоймас үшін, бір кесек тасты Зевске ұқсатып жасап қойып, Кронды алдаған. Ал, Зевс өзі Крит аралында туған. Ол сонда өсіп-жетіліп, әкесі Кронның кеудесінен өзінің аға-әпекелерін құтқарып алады. thumb|right|350px|Кронның Ураннан үстемдікті тартып алуы, XVIғ.Палаццо Веккьо, Флоренция Зевстің Крон жұтып қойған аға-әпкелері: Посейдон(Ποσειδών, Poseidon, Нептун)、Аид (, ᾍδης,Hades, Плуто́н)、Гера (Ἡρα, Hera)、Деме́тра (Δήμητρα, Demeter )және Гестия (Εστία, Hestia)қатарлылар Зевстің арқасында қайта туылады. Олар Зевстен бұрын туғанымен, ұзақ заман Кронның құрсағында жатып, Зевстен кейін қайта туғандықтан бәрі де Зевсті Үлкен аға көреді. Бұл бауырластар әкесі мен басқа да Титандарға қарсы одақтаса отырып күресіпті.Homer, Iliad i. 202, ii. 157, 375, &c.
Соғыс ондаған жылға созылып, жер-әлем ойран-асыр болып, жеңіс-жеңіліс айқындалмайды. Кейін Зевс әжесі Жер құдайы Геяның (Аспан құдайы Уранның әйелі) ұсынысын тыңдап, қамаудағы жалғыз көзді Киклоптар мен жүз қолды Гекатонхейрлерді босатады. Алғыс ретінде Киклоптар Зевске Найзағай береді, Посейдонға Үш аша айыр береді, Аидқа оны көзге көрсетпей тастайтын қара дуылға береді. thumb|right|300px|Жүз қолды гекатонхейр Ал, жүз қолды гекатонхейрлер соғысқа ерлікпен араласады. Сөйтіп олар ақыры Кронды жеңеді.Durant, The Life of Greece (The Story of Civilization Part II, New York: Simon & Schuster) 1939:23. thumb|left|200px|Қасиетті Зевс бүркіті, Дион археологиялық мұражайы, Франкфурт, Германия Зевс соғыста жеңілген Титандарды түгелдей жер астындағы тозақ әлемі – Тартарға қамайды. Олар қашып кетпес үшін Зевс Аидқа бұйрық беріп, тартарға төрт есік-терезелі мыс дуал соқтырып, мың қолды гекатонхейрлерге бақылатып қояды. Cондай-ақ Зевске қарсы шыққан титан Атласқа (Атлант) аспанды иығында көтертіп қояды. thumb|right|200px|Киклоп Polyphemus Сол кезде, жер құдайы Гея Тифон делінетін құбыжық туып, ол жер-әлемге қауып төндіреді, Құдайлармен қарсыласады. Зевс оны найзағай отымен соғып, Тифонның жүрегін өртейді. Аңыз бойынша, Тифон қазіргі Этна жанартауының астына көмілген екен, ол ашуланған кезде жанартау магма атқылай бастайтын көрінеді.
Көп жылдан кейін жер құдайы Гея Зевстің өз титан балаларын түрмеде ұстауына ренжіп, титандар құдайы Алкионейді Зевске қарсы тұруға үгіттейді. Бірақ Геркулес пен басқа да құдайлар Алкионейді жеңеді. Ол да тартарға тасталады. Сөйтіп Зевске қарсы шығар ешкім қалмайды да, оның дүниеге үстемдігі басталады.
Зевс дүние-ғалам билігін қол астындағы бауырларына бөліп береді, өзі аспанды ұстайды. Посейдон теңізге, Аит тозаққа үстемдік етеді. Олар әлемнің билеушілері ретінде Олимп тауындағы салтанатты сарайда тұрады.
Зевстің күші және үстемдігі thumb|right|300px|Зевс арбасы, 1879ж. Альфред шіркеуінде сақталған сурет Гректердің түсінігі бойынша, Зевс Олимп шоқысында тұрып Құдайлардың Құдайы ретінде әлемге үстемдік етеді. Оның көңіл күйі жақсы болғанда Грек аспаны жарқырайды. Ол қайғырғанда нөсер сіркірейді. Зевс қара бұлттарды тарқатып, аспанда кемпірқосақ пайда қылады, немесе қара бұлттарды аспанға жинап, күшті дауыл тұрғызып, найзағай ойнатып, жер әлемнің зәресін алады.Burkert (1985). Greek Religion. p. 321. ISBN 0-674-36280-2 thumb|left|200px|Зевс, б.з.б.360-340ж.【алтын】 Зевс әділетке өкілдік етеді. Оның адамзатқа үстемдігі де әділетке құрылған делінеді. Адамдар жамандықтан сақтанып, жақсылығын асырғанда жер мол өнім беріп, мал-жан өсіп, тұрмыс жақсарады. Ал, адамдар жамандыққа бейім болғанда түрлі табиғи апаттар көбейіп, адамзаттың азабы басталады. Бірақ ол бәрін білетін, бәріне жеттік Құдай емес болғандықтан, адамдар және басқа құдайлар оны алдап та кетеді. thumb|right|300px|Зевстің Еуропаны алып қашуы, Jean-François de Troy сызған. 1716ж. Ол бәрін билегенімен, бірақ Құдайларға басқаратын жұмыстарды нақты бөліп берген екен. Мысалы, тағдырға жауапты үш әйел құдай адамдардың жазымыш заңына бойсынуын бақылап, Олимп сарайындағы тақтаға әр адамның тағдырын жазып отырады. Апалы-сіңлілі үш Оры құдайы бейбітшілік, әділет және тәртіпке жауапты, олар тағы төрт мезгіл ауысуын да қадағалайды."Greek and Roman Mythology.". Mythology: Myths, Legends, & Fantasy. Sweet Water Press. 2003. p. 21. ISBN 9781468265903.
Зевстің жеке тұрмысы және Гера thumb|left|250px|Юпитер мен Юнона Ида тауында, Джеймса Барри сызған, 1790-1799 жылдары Зевстің көптеген көңілдестері болған. Олардан көптеген ұрпақтары, мысалы Артемида, Аполлон, Дионис, Геракл қатарлылар туған. Ол кейде астыртын түрде әдемі әйелдер мен қыздарды аздырып, көңіл ашқан.
Әйелі Гера қанша тырысса да Зевстің көңілдестерін тоса алмаған. Сонымен Зевс пен Гераның отбасында жаңжал үзілмеген.Schmitz, Leonhard (1867). "Aegiduchos". In Smith, William. Dictionary of Greek and Roman Biography and Mythology 1. Boston. p. 26.
Әйелі Гера біраз құдайлардың анасы болып, табиғаты қызғаншақ, көбінесе Зевс пен көңілдесінен туған балаларды жазалаумен болған. Геракл солардың бірі есептеледі. Ол Зевс пен Алкменадан туған болып, Гераның өш алуына ұшыраған. Кейін Зевс шыдай алмай, Гераның қолын темір құрсаумен байлап, аяғына екі ауыр кісен тағып қойған екен.
Құдайлар әулетінің генеалогиясы Грек құдайларының генеалогиясы: Ағылшынша
Зевстің үрім-бұтағы thumb|right|200px|Зевстің тәрбиеленуі, Niccolò Possino, (1636 - 1637 жж. сызылған.) thumb|right|200px|Юпитер және Юнона, Annibale Carracci (1560–1609) thumb|right|200px|Зевске тасаттық, Noël Coypel, 1672ж. сызған.) thumb|right|200px|Филемон және Бавкида, A.Appiani (1754–1817) thumb|right|200px|Юпитер және Фетида, J.A.D.Ingres 1811 жылы сызған thumb|right|200px|Юпитер және Ганимед, Eustache Le Sueur, 1650ж. сызған. thumb|right|200px|Еуропаны алып қашу, Félix Vallotton (1865–1925) thumb|right|200px|Леда және аққу, Michelangelo Buonarroti, 1530ж. сызған. thumb|right|200px|Данай және алтын жаңбыр, Artemisia Gentileschi, 1612ж. сызылған. thumb|right|200px|Юпитер және Антиопа, Jean-Baptiste Marie Pierre, 1745-1749жж. сызылған. thumb|right|200px|Ио және Юпитер, Antonio Allegri (1490-1534) thumb|right|200px|Юпитер, І ғасыр. Рим. thumb|right|200px|"Отриколидегі Зевс" IVғ. рим сәулетшілері гректің осы тектес түпнұсқа туындысынан көшіріп салған. thumb|right|200px|Зевс, б.з.б.490-480жж. Құдайлардың ұрпағы
<center>Анасы <center>БаласыAegaAegipanHyginus, Fabulae 155 Ananke or ThemisMoirai/Fates1 Atropos Clotho Lachesis Aphrodite Tyche6 (бәлкім) Demeter Persephone Dione or Thalassa Aphrodite ErisLimos Eurynome/Eurydome/Eurymedusa/Euanthe Charites/Graces2 Aglaea Euphrosyne Thalia Gaia Manes Hera Ares3 Eileithyia Eris Hebe3 Hephaestus3 Angelos Leto Apollo Artemis MaiaHermes MetisAthena4 Mnemosyne Muses (негізгі үшеуі) Aoide Melete Mneme Muses (кейінгі тоғызы) Calliope Clio Euterpe Erato Melpomene Polyhymnia Terpsichore Thalia UraniaNemesisHelen of Troy (бәлкім) Persephone Zagreus Melinoe Selene Ersa Nemean Lion Pandia Thalia Palici Themis Astraea Nymphs of Eridanos Nemesis Horae First Generation Auxo Carpo Thallo Second Generation Dike Eirene Eunomia Third generation Pherusa Euporie Orthosie Adikia Eos Carae Unknown mother Aletheia Unknown mother Ate Unknown mother Caerus Unknown mother Litae
Жартылай құдайлардан / адамдардан туған ұрпақ
<center>Анасы <center>Баласы Aegina Aeacus DamocrateiaScholia on Pindar, Olympian Ode 9, 107 Alcmene Heracles Antiope Amphion Zethus Anaxithea Olenus Asterope, Oceanid Acragas Callisto Arcas Calyce Aethlius (possibly) Callirhoe (daughter of Achelous) no known offspring Carme Britomartis Cassiopeia AtymniusChaldene Solymus Milye Danaë Perseus Dia Pirithous Elara Tityos Electra Dardanus Iasion Harmonia Europa Minos Rhadamanthus Sarpedon Alagonia Carnus DodonStephanus of Byzantium, s. v. Dōdōne, with a reference to Acestodorus Eurymedousa Myrmidon Euryodeia Arcesius Himalia Kronios Spartaios KytosIdaea, nymphCres Iodame Thebe Io Epaphus Keroessa Isonoe Orchomenus Lamia Achilleus At the Internet Archive. At khazarzar.skeptik.net. Herophile Laodamia Sarpedon Leda Pollux Helen of Troy5 Maera Locrus Niobe Argus Pelasgus Othreis MeliteusPandoraGraecus Latinus Phthia (daughter of Phoroneus) Achaeus (бәлкім) Plouto Tantalus Podarge Balius Xanthus Protogeneia Aethlius (бәлкім) Opus Pyrrha Hellen Semele Dionysus Taygete Lacedaemon ThyiaMagnes Makednos Torrhebia Carius Nymph African Iarbas Nymph Samothracian Saon (бәлкім) Nymph Sithnid Megarus Unknown motherCalabrus Geraestus Taenarus Unknown mother Corinthus Unknown mother Crinacus
Дереккөздер
Санат:Ежелгі грек құдайлары Санат:Ежелгі грек мифологиясы Санат:Зевс Санат:Патриархат Санат:Олимптың он екі құдайлары