Тағы бір мексикалық футболшы — Карлос Сальсидомен шатастырмаңыздар
Карлос Хоэль Сальседо Эрнандес (; 29 қыркүйек 1993 жылhttps://www.worldfootball.net/player_summary/carlos-salcedo/, Гвадалахара) — мексикалық футболшы, Мексика Ұлттық футбол құрамасы мен "Хуарес" клубының қорғаушысы.
Карьерасы Балалық шағында туған қаласындағы "Гвадалахара" командасының академиясында ойнады. 2008 жылы 15 жасында "УАНЛ Тигрес" және америкалық "Реал Солт-Лейк" клубтарының жастар командасына ауысты да, кәсіпқой карьерасын 2013 жылы "Реал Солт-Лейкте" бастады.
2015 жылы қаңтарда Мексикаға оралды да, "Гвадалахара" клубымен бірнеше жылдық келісім шарт жасасты. Осы клубта ойнап жүріп, 2015 жылғы сәуірде Ұлттық құрамаға шақырылды.
2016 жылы "Фиорентинаға" жалға берілді.
2015 жылы Америка кубогына, 2017, 2019 жылдары КОНКАКАФ Алтын кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Клубтық «Антрахт» (Франкфурт)
Германия кубогы — 2017/2018
Халықаралық
КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы Санат:Гвадалахарада туғандар Санат:Мексика футболшылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гвадалахара ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:УАНЛ Тигрес ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:Торонто ФК ойыншылары