Луиш Мигел Бриту Гарсиа Монтейру (; 4 қаңтар 1980 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/13225, Лиссабон, Португалия), Мигел ( ретінде танымал) — португалиялық футболшы, қорғаушы. 2004 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері.
Карьерасы "Спортинг Лиссабон" клубының түлегі. 1996 жылы "Эштрела Амадора" клубына қабылданды. 1999 жылы 30 сәуір күні сырт алаңда "Боавиштаға" қарсы тұңғыш ойынын өткізді.
2000 жылы жазда "Бенфикаға" ауысты. Клуб сапында 2004/05 жылдары Португалия чемпионы атанды.
2005-12 жылдары "Валенсияда" ойнады.
Ұлттық құрама сапында 2003 жылы 12 ақпанда Италиямен жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты.
2004 жылғы Еуропа чемпионатының бірнеше кездесуінде алаңға шықты, Грекияға қарсы өткен финалда 43 минут қана ойнап, жарақат алды да, алмастырылды. Бұл ойында Португалия 0:1 есебімен ұтылып, чемпион атана алмады.
Кейін 2006, 2010 жылдары әлем чемпионатына, 2008 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері «Бенфика»
Португалия чемпионы (1): 2004/05 Португалия кубогы (1): 2003/04 Португалия суперкубогы (1): 2005
«Валенсия»
Испания чемпионатының қола жүлдегері (2): 2005/06, 2009/10 Испания кубогы (1): 2007/08
Португалия
Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2004 Әлем чемпионатыныің жартылай финалисі: 2006
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эштрела Амадора ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары