Рикарду Алберту Силвейра Карвалью (; 18 мамыр 1978, Амаранте, Португалия) — прортугалиялық футболшы, қорғаушы.

Карьерасы "Порту" клубының түлегі. 1997 жылы негізгі құрамға кәсіпқой футболшы ретінде тіркелгенімен, 2001 жылға дейін түрлі португалиялық клубтарда арендада жүрді.

2004 жылы "Порту" УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтқан кезде атақты клубтар "Порту" футболшыларын сатып алуға кірісіп кетті. Карвалью Жозе Муриньомен бірге "Челсиге" ауысты. "Челсиде" бірнеше жыл бойы негізгі құрамда үзіліссіз ойнады.

2010 жылы тағы да Муриньо оны "Реалға" шақырды. Бірақ мадридтік клуб сапында 30-дан асып қалған Карвалью алаңға көп шыға қоймады.

Ұлттық құрама сапында 2003 жылы тұңғыш рет алаңға шықты. 2011 жылға дейін бірнеше әлемдік және еуропалық чемпионаттарға қатысып, құрамадағы мансабын аяқтаған болатын. Бірақ 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде құрамаға қайта шақырылды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын түпкілікті аяқтады.

Жетістіктері

Командалық Порту

Португалия чемпионы (3): 1998/99, 2002/03, 2003/04 Португалия кубогы: 2003 Португалия суперкубогы (3): 1998, 2003, 2004 УЕФА кубогы: 2003 Чемпиондар Лигасы: 2004

Челси

Англия чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2009/10 Англия кубогы (3): 2007, 2009, 2010 Лига кубогы (2): 2005, 2007 Англия суперкубогы (2): 2005, 2009

Реал Мадрид

Испания чемпионы: 2011/12 Испания кубогы: 2011 Испания суперкубогы: 2012

Ұлттық құрама

Еуропа чемпионы: 2016 Еуропа чемпионатының финалисі: 2004 Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 2006

Личные

Португалияның үздік футболшысы: 2002/03 УЕФА-ның ұздік қорғаушысы: 2003/04

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі («Реал Мадрид» ФК сайтында)

Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Витория Сетубал ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Шанхай СИПГ ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары