Юрий Алексеевич Новиков (19 мамыр, 1972 жыл) — қазақстандық футболшы, қақпашы. Қазақстан чемпионатының үш дүркін үздік қақпашысы (2001, 2002, 2003).
Мансабы Балалық шағынан футболмен айналысты, алғашқы бапкері — Вильгельм Анастасович Гализдра. Бірақ әскер қатарынан оралғанша кәсіби футболшы болам деген мақсаты мүлде болмаған, оны үлкен футболға танымал қазақ бапкері — Серік Бердалин шақырды.
2001-06 жылдары Қазақстан құрамасында ойнап, 2002, 2006 жылғы әлем чемпионаттарының іріктеуіне қатысты.
Карьерасында "Ертіс", "Шахтер", "Жетісу" клубтарында ойнады. 2007 жылы карьерасын аяқтаған соң бірнеше қазақстандық клубтарда қақпашылар бапкері боп қызмет атқарды.
Жетістіктері
Командалық
Қазақстан чемпионы: 2002, 2003 Азия чемпиондар кубогының жартылай финалисі: 2000/01 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004
Жеке
Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы: 2001, 2002, 2003 Қазақстанның үздік футболшысы: 2003
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (footballdatabase.eu)
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары