Ивица Вастич (; 29 қыркүйек 1969 жылhttps://www.worldfootball.net/player_summary/ivica-vastic/, Сплит) — аустриялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Вастичтің тегі хорват, Сплит қаласында дүниеге келген, Югославия футболының түлегі. Аустрия азаматтығын 1996 жылы ғана алып, құрама сапында 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Топтық турнирдің екінші турында Чилидің қақпасына 90-минутта гол соғып, құраманы жеңілістен құтқарып қалды.
Арада он жыл өткен соң өз еліндегі Еуропа чемпионатына қатысып, екінші турда Польшаның қақпасына гол соқты. Бұл Аустрия құрамасының Еуропа чемпионаттарындағытұңғыш голы болатын.
2009 жылы карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 2018 жылы "Аустрия" клубының (2003-05 жылдары осы клубта доп тепкен) бас жаттықтырушысы боп тағайындалды.
Жетістіктері
Командалық
Аустрия чемпионы (2): 1997/98, 1998/99 Аустрия кубогы (4): 1996, 1997, 1999, 2005 Аустрия суперкубогы (3): 1996, 1998, 1999
Жеке
Аустрияның үздік футболшысы (4): 1995, 1998, 1999, 2007 Аустрия чемпионатының үздік мергені (2): 1996, 2000
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дуйсбург ФК ойыншылары Санат:Штурм ФК ойыншылары Санат:Нагоя Грампус ФК ойыншылары Санат:Аустрия Вена ФК ойыншылары Санат:ЛАСК ФК ойыншылары Санат:Аустрия футбол жаттықтырушылары Санат:Маттерсбург ФК жаттықтырушылары Санат:Аустрия Вена ФК жаттықтырушылары