Йоханн Кранкль (; 14 ақпан 1953http://www.national-football-teams.com/v2/player.php?id=20197, Вена, Аустрия), немесе қысқаша Ханс Кранкль () — аустриялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы Карьерасын "Рапид" клубында бастады. Клуб сапында қатарынан алты маусым Аустрияның үздік футболшысы атанды.

1978 жылғы әлем чемпионатында ерекше көзге түсті де (төрт голдың авторы атанды), "Барселонаға" шақырылды. "Барселона" сапында 1981 жылға дейін ойнап, Аустрияға қайта оралды. 1989 жылы карьерасын аяқтағанша тек аустриялық клубтарда доп тепті.

Ханс 1982 жылы да әлем чемпионатына қатысып, топтық кезеңнің екінші турында Алжирдің қақпасына бір гол (2:0) соқты.

1989 жылы бапкерлік карьерасын "Рапид" клубынан бастады (оған дейін де "Винер" клубында ойыншы бапкер қызметін атқарған-ды).

Жетістіктері

Командалық

Аустрия чемпионы (2): 1981/82, 1982/83 Аустрия кубогы (4): 1976, 1983, 1984, 1985 Испания кубогы: 1979 УЕФА кубок иелері кубогы: 1979

Жеке

Аустрияның үздік футболшысы (9): 1973, 1974, 1975, 1976, 1977, 1978, 1979, 1982, 1983 «Күміс доп»: 1978 «Алтын бутсы»: 1978 «Күміс бутсы»: 1974 Аустрия чемпионатының үздік мергені (4): 1974, 1977, 1978, 1983 Испания чемпионатының үздік мергені: 1979 Аустрия чемпионаты тарихындағы үздік мерген: 270 гол

Дереккөздер

Профильдері National Football Teams BDFutbol

Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рапид Вена ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Аустрия футбол жаттықтырушылары Санат:Аустрия Вена ФК жаттықтырушылары Санат:Рапид Вена ФК жаттықтырушылары Санат:Аустрия Зальцбург ФК жаттықтырушылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары