«Вольфсберг» () — Аустрияның Вольфсберг қаласындағы футбол клубы, 1931 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Лавантталь" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 7300 адам. Тарихы Ұзақ жылдар бойы Аустрия аймақтық лигаларында ойнады. 1968 жылы ғана Аустрия екінші дивизионына көтерілді, бірақ ұзамай қайта төмендеп кетті.
2011/12 маусым қорытындысында бірінші лига жеңімпазы атанды да, тұңғыш рет Аустрия Бундеслигасына жолдама алды. 2015/16 жылғы маусымда тұңғыш рет УЕФА Еуропа лигасында бақ сынап, екінші іріктеу кезеңіне дейін ойнады. 2019/20 жылғы УЕФА Еуропа лигасында топтық турнирге дейін жеттіhttp://www.spox.com/at/sport/fussball/oesterreich/1905/Artikel/nach-historischem-erfolg-wac-sucht-coach-und-stadion.html . Жетістіктері Аустрия бірінші лигасының жеңімпазы: 2011/12 Дереккөздер
Сілтемелер Клубтың ресми сайты
Санат:Аустрия футбол клубтары