Хлоантит ( — көгеруші), никель-скуттерудит — арсенидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы (N,Co) As3–x; x=0,5–1. Кубтық сингонияда кристалданып, жеке кристалдары кубоктаэдр, додекаэдр, агрегаттары сеппе, тұтас түйірлі, колломорфтық масса түрінде болады. Түсі ақ, болаттай сұр, металша жылтыр, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 5,5–6; тығыздығы 6,4–6,8 г/см3. Гидротермалдық желілерде никель, кобальт арсениттерімен бірге кездеседі. Тотыққанда жасыл (аннабергит), алқызыл (эритрин) түстерге боялады. Хлоаниттен никель алынады.Қазақ энциклопедиясы, 9 том. Дереккөздер

Санат:Химия