Филип Джон Невилл (; 21 қаңтар 1977 жылhttps://www.soccerbase.com/players/player.sd?player_id=5827, Бери, Үлкен Манчестер, Англия) — англиялық футболшы, жартылай қорғаушы (қорғаныс шебінде де ойнайған), футбол жаттықтырушысы, Гари Невиллдің туған інісі.
Карьерасы 1994-2005 жылдары "Манчестер Юнайтедте" ағасы Гаримен бірге доп тепті. Осы аралықта 400-ге жуық ресми ойын өткізді.
2005 жылы "Эвертонға" ауысты. Жаңа клубындағы тұңғыш ойынын "Манчестер Юнайтедке" қарсы өткізді. Бір жылдан соң "Эвертонның" капитаны боп тағайындалды.
2013 жылы клубпен келісім шарт уақыты біткен соң карьерасын аяқтады.
Кейін біраз уақыт "Манчестер Юнайтедтің" бапкерлер штабында қызмет жасады. 2015 жылы ағасы Гаримен бірге "Валенсияның" бапкер ассистенті болды, ұзамай ол жерден босады. 2018 жылы Англия қыздар футбол құрамасының бапкері боп тағайындалды.
Ұлттық құрама сапында 1996, 2000, 2004 жылғы Еуропа чемпионаттарына барды.
Жетістіктері
Манчестер Юнайтед
Англия чемпионы (6): 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03 Англия кубогы (3): 1996, 1999, 2004 Англия суперкубогы (3): 1996, 1997, 2003 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 1999 Құрлықаралық кубок: 1999
Англия
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1996
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Англия футбол жаттықтырушылары