Қашқансу каналы – Қызылорда облысы Қармақшы ауданының жерінде, Сырдария өзенінің сол жағында, Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан Жусанды дала жазығында. Көне заманда Сырдарияның орталық атырауынан басталатын Қашқансу өзені Жусанды далаға жеткен. Сол өзектің құрғақ арнасын Қармақшы ауданының шаруашылықтары күріштік алқаптардан шығатын тастанды (ақаба) су ағызу үшін қашыртқыға айналдырған.

Гидрологиялық сипаты Қашқынсу каналы ауданның III Интернационал ауылының ауыспалы егіс алқабы тұсынан басталып, 15,7 км-ге созылады. Су өткізгіштігі 4,0 м3/сек. Қашыртқы 1988 жылы іске қосылды.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы каналдары