«Вавилон» () — психологиялық драмалық 2006 жылғы, режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің фильмі. Көп көлемдегі халықаралық марапаттарының иесі, «Оскар» сыйлығының ең үздік жыл фильмі ретінде номинант. Бұл АҚШ-та және Мексикада негізделген халықаралық бірлескен өндіріс. Фильм бірнеше елдегі, түбі байланысқан, АҚШ-та, Мексикада, Жапонияда, Мароккода болып жатқан оқиғалар туралы айтады.

Сюжет Вавилон төрт оқиғадан және әртүрлі кейіпкерлерден құралған. Барлық оқиға өз ретімен көрерменге ашыла бастайды. Барлық оқиға бір-бірімен тығыз байланысқан. Фильмнің соңына дейін оқиға аяқталмайды.

Марокко Марокко шөлінде Абдулла қойшы өзінің көршісі Хасан Ибрахимнен «270 Winchester M70» мылтығын оқтарымен, қорқау қасқырларды ату үшін жәнеде өз ешкілерін олардан қорғау үшін сатып алады. Абдулла өз мылтығын ұлдары Жүсіп және Ахмедке бередіде оларды ешкілерді бағуға жібереді. Жайылымда жүргенде үлкен ағасы Ахмед мылтығының Хасан Ибрахим айтқандай үш шақырымға ататынына күдіктенеді. Кіші інісі Жүсіп оған оның жәй ғана мергендік қабілеті жоқтығын айтады, содан кейін олар ұзақ дауласты. Одан кейін мылтықтың арақашықтығын тексермек болып екеуі бірінші жартастарға, сосын жүріп бара жатқан көлікке, сосын жолаушыланған автобусқа атады. Жүсіптің атқан оғы автобустағы Америкадан келген турист Сьюзен Джонсқа тиеді. Екі ұл не болғанын бірден аңғарып қаша жөнеледі. АҚШ билігі бұл атылған оқтың террористік шабуыл деп есептеп, бүкіл ақпарат құралдарына хабар береді. Марокко тәртіп сақшылары бұл істі қатаң әрі желел түрде тергейді.

Ричард / Сьюзан Бұл АҚШ-тан Мароккоға бүкіл қайғыны ұмыту және демалу үшін келген жұп. Олардың отбасылық ара-қатынасына үшінші сәбилерінің өлімі қатты соққы беріп, суытып жіберді. Олар Америкада мексикандық тәрбиешімен қалған Майк және Деббидің ата-аналары. Олар туристтік автобусқа саяхаттау мақсатында отырған болатын. Және сол автобуста Сьюзанға Мароккода тұратын ауылдық екі баланың оғы тиіп, оны қатты жаралайды. Оқ атылғанда бүкіл автобус басында не болғанын түсінбей қалады, бірақ сосын Сьюзан қансырағаннан кейін бәрі абыр-сабыр болып кетеді. Ең жақын медицина орталығы 7 сағаттық жол екенін білген соң, бүкіл автобус жақын жердегі ауылға барады. Автобуста отырған бүкіл туристтер өз өмірлеріне қауіптеніп, қорқып, автобустың кетуін талап етеді. Ричард олардың оны және оның әйелін күтуді өтінеді. Бірақ автобус бәрібір кетіп қалады. Ричардтың қасында туристтік гид Әнуар қалады. Сол жердегі жергілікті мал дәрігері Сьюзанның жарасын қанды тоқтату үшін тігеді. Ричард АҚШ елшілігімен байланысады. Оларды медициналық тікұшақ алып кететін болып шешіледі.

АҚШ / Мексика Мексикалық тәрбиеші Ричард пен Сьюзанның балалары Майк пен Деббиді Калифорния штатында Сан-Диего қаласындағы үйде бағып отырады, ол кезде олардың ата-аналары Мароккоға саяхаттап барған. Тәрбиеші Амелия Сьюзанның жараланғанын білген соң, оның балаларды жоспарлаған уақыттан көбірек қарайтынын біледі. Содан кейін Амелия Мексикадағы өз ұлының үйлену тойына үлгермей қалатынына уайымдайды. Ричардтың рұқсатынсыз Амелия балаларды Мексикаға өзімен бірге алып кетуді шешеді. Амелияның жиені Сантьяго оларды Америкадан алып кетеді. Олар еш кедергісіз шекараны өтеді, мексикандық салт-дәстүрмен, көше мәдениетімен балаларды таныстырады. Олар үйлену тойына үлгереді және сол той кешке дейін созылады. Амелия кешке Америкаға қайтуды жөн деп табады. Бірақ Сантьяго араққа мас болған көлікті қауіпті жүргізеді және америкалық шекарашы оны мастыққа күдіктеп оның көліктен шығуын бұйырады. Бірақ Сантьяго шекараны заңсыз өтіп, оның соңынан тәртіп сақшылары қуады. Ол Амелияны және балаларды жолда тастап өзі ары қарай кете жөнеледі. Ас-сусыз әлсіреген Амелия мен балалар көмек іздеп шөл даланы біраз кезеді. Амелия балаларды тастап көмек іздеуге кетеді, оны полиция офицері тауып тұтқындайды. Ол өз балаларының шөл далада қалғанын полицияға айтып, олар сол жерге келеді. Бірақ ол жерге келгенде балалардың жоқтығын анықтайды. Шекара полиция бөлімшесінде оған балалардың табылғанын айтады. Ричард бұл іске қанша күйінседе Амелияға арыз жазбайды. Амелия АҚШта 16 жыл заңсыз жұмыс істегені анықталады, оны босатып Америкадан Мексикаға жер аударады.

Жапония Чиеко Ватая — нәзік жүректі, керең қыз. Ол анасының өзіне қол жұмсағанынан кейін психологиялық соққы алды. Ол әкесіне, өз қатарластарына қатты ренжулі. Ол сексуалды арандату жолына түседі. Өзіне ұнайтын жігіттермен болуды армандайды. Бірақ барлық жігіттер оны керең деп жанына жоламайды. Ол полиция детективтерімен танысады. Ол сауық кешін тастап, қайғырып үйге келген соң ол үйіне бір детектив Мамия Кенджиді шақырады. Ол оны сексуалды арандатады. Бірақ Мамия оған келіспейді. Мамия оған бәрін түсіндіреді, оның анасының балконнан секіргенде әкесінің ұйықтап жатқанын, оның анасының секіргенін көрген жоқ екенін айтады. Мамия оған жазылған парақты беріп, оны ол үйден шықпайынша оқымауын өтінеді. Мамия үйді тастап кеткенде әкесін кездестіреді және Мароккода болған жағдай туралы сұрайды. Әкесі детективқа ол мылтықты қара базарда сатпағанын жәй ғана досына сыйлағанын айтады. Мамия оған әйелі туралы көңіл айтады. Әкесі әйелінің балконнан секірмегенін, оның өз-өзін атқанын айтады. Мамия барға барып Чиеконың берген жазба хатын оқиды. Фильмде ол жерде не жазылғаны баяндалмайды. Ол теледидар арқылы Сьюзанның хал жағдайының жақсы екенін, оның бес күнде ауруханадан шыққанын біледі.

Рөлдерде Марокко АктерРөліБрэд ПиттРичард ДжонсКейт БланшеттСьюзан ДжонсМохамед АхзамӘнуарБубке Эйт Эль КаидЖүсіпСаид ТарчаниАхмедАмит МурьяниАбдуллаАбделкандер БараХасанУахиба ЗахмиЗохра

Мексика АктерРөліАдриана БаррасаАмелияГаэль Гарсия БернальСантьяго Эль ФэннингДебби ДжонсНатан ГэмблМайк ДжонсКлифтон Коллинз-кішіМексика шекарасындағы полиция офицеріМайкл ПеньяОфицер Джон

Жапония АктерРөліРинко КикутиЧиэко ВатаиКодзи ЯкусёЯсудзиро ВатаиСатоси НикайдоДетектив Кенджи МамияЮко МуратаМицуСигемицу Огитіс дәрігері

Өндіріс Бұл фильмнің бюджеті әртүрлі инвесторлардан, инвестициялардан түскен және «Paramount Vantage» компаниясының қолдауымен 25 миллионАҚШ долларын құрады.

Фильмдегі Амелия кейіпкерін ойнаған актриса Адриана Барраса өмірінде екі рет жүрек ұстамасын өткерген. Соған қарамастан ол бала-акриса Эль Фэннингті фильмнің түсірілімінде жазда, ыстық Оңтүстік Калифорнияның шөл даласында бес күн бойы арқалап жүрді.

Түсірілім орындары: Жапония: Ибараки және Токио. Мексика: El Carrizo, Сонора, Тихуана. Марокко: Варзават, Taguenzalt- Атлас тауының жоталарындағы берберлік ауылдар. АҚШ: Калифорния штаты, Сан-Диего, Сан-Исидро

Басты түсірілім 2005 жылдың 2 мамыры басталып, сол жылдың 1 желтоқсанда аяқталды.

Музыка Фильмнің түпнұсқа партитурасын және әуенін композитор Густаво Сантаолалья жазды. Соңғы әуені белгілі композитор Рюичи Сакамотоның «Bibo no Aozora» атты музыкасы болды. Фильмнің музыкасы үздік түпнұсқа нәтиже деп танылып, «Оскар» сыйлығын алды.

Көрсетілім Ресми түрде бұл фильм АҚШ-тың кейбір қалаларында 27 қазан 2006 жылы шықты, ал бүкіл елге кең таралған уақыты сол жылдың 10 қарашасы. Ал Азияда, соның ішінде Жапонияда 2007 жылы жарық көрді.

Кассалық түсім Бұл фильмнің ең алғаш ресми шығуы 2006 жылдың 27 қазаны, және де бүкіл АҚШ-та 1251 кинотеатрларында көрсетілді. Құрама Штаттарында бұл фильм 35,3 млн АҚШ долларын, ал бүкіл әлемде 101 млн АҚШ долларын жинады. Ал бюджеті 25 млн АҚШ доллары.

Үйде тамашалау 20 ақпан мен 21 мамыр аралығында «Вавилон» «Paramount Home Entertainment» компаниясынан DVD-да, АҚШ-та және Ұлыбританияда басылып шығарылды. DVD нұсқасындағы басылымда «Вавилон» алғашқы аптасында 721 000 данасын сатып, 12,3 млн $ пайда түсірді. Ал 2007 жылдың сәуірінде 1 650 000 данасы сатылып, 28,6 млн $ пайда әкелді.

Марапаттар Марапат Санат Алушы НәтижеАкадемия марапаттарыҮздік өндіріс Үздік режиссерАлехандро Гонсалес Иньярриту Үздік түпнұсқа сценарийГильермо Арриага Үздік қолдаушы актрисаАдриана Барраза Ринко Кикучи Үздік түпнұсқа санақГуставо Сантаолалла Үздік фильм монтажыДуглас Крис және Стивен Миррионе Остин фильм сыныҮздік қолдаушы актрисаРинко Кикучи BAFTA Film AwardsҮздік фильм Үздік режиссерАлехандро Гонсалес Иньярриту Үздік түпнұсқа сценарийГильермо Арриага Үздік кинематографияРодриго Прието Үздік өзгертуДуглас Крис және Стивен Миррионе Үздік әуен Үздік фильм музыкасыГуставо Сантаолалла Эфир фильм сыншыларыҮздік қойылым Үздік ансамбль Үздік сценарийГильермо Арриага Үздік қолдаушы актрисаАдриана Барраза Ринко Кикучи Үздік нәтижеГуставо Сантаолалла Үздік саундтрек Канн кинофестиваліҮздік режиссерАлехандро Гонсалес Иньярриту Премия Франсуа Шале (Әлемдік қазылардың сыйлығы) Техникалық Гранд СыйлықСтивен Миррионе Palme d'Or (Үздік фильм) César марапаттарыҮздік шетелдік фильмАлехандро Гонсалес Иньярриту Чикаголық киносыншыларыҮздік фильм Үздік режиссерАлехандро Гонсалес Иньярриту Үздік түпнұсқа сценарийГильермо Арриага Үздік қолдаушы актерБрэд Питт Үздік қолдаушы актрисаАдриана Барраза Ринко Кикучи Үздік перспективті орындаушы Үздік кинематографияРодриго Прието Үздік түпнұсқа санақГуставо Сантаолалла АҚШ режиссерлар ГилдиясыҮздік режиссёр нәтижесіАлехандро Гонсалес Иньярриту Алтын ГлобусҮздік фильм — Драма Үздік режиссерАлехандро Гонсалес Иньярриту Үздік сценарийГильермо Арриага Үздік қолдаушы актерБрэд Питт Үздік қолдаушы актрисаАдриана Барраза Ринко Кикучи Үздік түпнұсқа санақГуставо Сантаолалла Image AwardsҮздік режиссёрлықАлехандро Гонсалес Иньярриту Motion Picture Sound Editors AwardsМузыкаға арналған үздік әуендік монтаж - көркем фильм Әуендік эффектілерге арналған үздік әуен монтажы - шетелдік фильм Қаралымға арналған Ұлттық КеңесҮздік жанды актрисаРинко Кикучи Онлайн фильм сыншыларыҮздік қойылым Үздік режиссерАлехандро Гонсалес Иньярриту Үздік қолдаушы актрисаАдриана Барраза Ринко Кикучи Үздік жанды өндіруші Үздік кинематографияРодриго Прието Үздік өңдеуДуглас Крис және Стивен Миррионе Үздік түпнұсқа санақГуставо Сантаолалла Үздік түпнұсқа сценарийГильермо Арриага АҚШ продюсерлер ГилдиясыЖыл фильмінің продюссеріАлехандро Гонсалес ИньярритуСтив ГолинЖон Килик Сан-Диего фильм сыншыларыҮздік ансамбль Үздік нәтижеГуставо Сантаолалла Сан Франциско киносыншыларыҮздік қолдаушы актрисаАдриана Барраза Жерсерік марапаттарыҮздік фильм — Драма Үздік режиссерАлехандро Гонсалес Иньярриту Үздік түпнұсқа сценарийГильермо АрриагаАлехандро Гонсалес Иньярриту Үздік қолдаушы актерБрэд Питт Үздік қолдаушы актрисаРинко Кикучи Үздік өңдеуДуглас Крис және Стивен Миррионе Үздік әуен Үздік түпнұсқа санақГуставо Сантаолалла Фильм актерлер ГилдиясыҮздік рөл құрамы Үздік қолдаушы актрисаАдриана Барраза Ринко Кикучи АҚШ жазушылар ГилдиясыҮздік түпнұсқа сценарийГильермо Арриага Жас Әртіс МарапатыФильмдегі үздік көркем қойылым - он жастағы немесе одан да кіші жастағы жас актерНатан Гэмбл Фильмдегі үздік көркем қойылым - он жастағы немесе одан да кіші жастағы жас актрисаЭль Фэннинг

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Санат:2006 жылғы фильмдер Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:АҚШ фильмдері Санат:Мексика фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:Франция фильмдері Санат:Франция драма-фильмдері Санат:Стив Голин фильмдері