Шотланд фунты (шотл. Pund Scots, ) — XII-XVIII ғасырлардағы Шотландияның ақша бірлігі. Шотландия банктерінің қазіргі уақытта шығарылатын банкноталарды кейде «шотланд фунты» деп те атайды.

Тәуелсіз Шотландияның ақша бірлігі Шотландия тиындарын шығару Дәуіт I-нің тұсында басталды (1124-1153 жж.). Бастапқыда тиындар ағылшын тиындарына сәйкес мөлшерде және салмақта стерлинг үлгісінде шығарылды. Шотландия фунты, фунт стерлинг сияқты, 20 шиллинг пен 240 пенстерден тұрды.

Бірте-бірте шотландық тиындар үлесінің азаюымен шотланд фунтының құны фунтқа дейін төмендеді. 1603 жылы Шотландия королі Яков VI Англия патшасы болған кезде, бағам белгіленді: 1 фунт стерлинг = 12 шотланд фунты. 1707 жылы Уния туралы акттың қабылдануымен және біртұтас мемлекеттің құрылуымен шотланд фунты айналымнан алынды.

Шотланд банкінің банкноттары Шотландия тәуелсіз мемлекет болмаса да, Ұлыбритания құрамына кірсе де, Шотландияның үш банкі өз банкноттарын шығаруға құқылы. Ресми түрде бұл банкноттар «шотланд фунттары» деп аталмайды, олардың атаулы құндары фунт стерлингте көрсетіледі. Бұл банкноттар заңды валюта болғанымен, «заңды төлем қаражаты» () терминінің қатаң мағынасында шотланд банктердің банкноттары Шотландияда да заңды төлем құралы болып табылмайды, бірақ оны Біріккен Патшалықта қабылдауға болады. Банкноттың негізгі түсі - қоңыр, кіршең (сарғыш), жасыл.

Сілтеме Scottishmoney сайтындағы шотланд тиындары Шотландық тиындардың тарихы Шотландия банкінің банкноттары (1943 ж. бастап) Заманауи шотландық банкноттар

Санат:Айналымнан шыққан ақшалар Санат:Фунт Санат:Тарихи ақшалар Санат:Еуропа валюталары