Төменгі Еділ өлкесі () — 1928 жылдың 21 мамырынан 1934 жылдың 10 қаңтарына дейін болған РКФСР әкімшілік бірлігі (21.05.1928 бастап — 06.06.1928 дейін Төменгі Еділ облысы деп аталды).

Тарихы 1928 жылы 21 мамырда Астрахан, Сарытау, Сталинград губерниялары, Қалмақ автономиялы облысынан және Самара губерниясының Пугачев уезінің құрамынан Төменгі Еділ облысы құрылдыПостановление ВЦИК и СНК РСФСР от 21.05.1928 «Об образовании Нижне-Волжской области».

1928 жылы 11 маусымда Төменгі Еділ өлкесі деп өзгертілдіПостановление ВЦИК и СНК РСФСР от 11.06.1928 «О переименовании Нижне-Волжской области в Нижне-Волжский край». Өлкенің әкімшілік орталығы 1928-1932 жж. Саратов, 1932 ж. 10 қаңтардан 1934 ж. дейін — Сталинград болды.

1928 жылы 28 маусымда Еділ немістерінің АКСР Төменгі Еділ өлкесінің құрамына енгізілдіПостановление Президиума ВЦИК от 28.06.1928 «О вхождении АССР Немцев Поволжья в состав Нижне-Волжского края».

1928 жылы 23 шілдеде БОАК қаулысымен әкімшілік-аумақтық құрылым бекітілді, оның құрамына 8 округ, 76 аудан (ЕН АКСР, Қалмақ автономиялы облыстарының аудандарын қоспағанда) және өлкелік атқару комитетіне тікелей бағынатын төрт қала: Сарытау, Сталинград, Вольск және Астрахан кірді.

Атауы Орталығы Астрахан округі Астрахан Балашау округі Балашау Волск округі Волск Қамысты округі Қамысты Пугачев округі Пугачев Сарытау округі1 июля 1929 года Саратовский округ был переименован в Аткарский, а его центр перенесён в Аткарск. См.: . Сарытау Сталинград округі Сталинград Хопер округі Урюпинск ЕН АСКР Энгелс Қалмақ АО Элиста

1930 жылғы 23 шілдедегі ОАК мен КСРО ХКК қаулысымен округтер бүкіл КСРО бойынша таратылып - өлке аудандарға бөліне бастады.

1932 жылы 1 сәуірде БОАК «қолданыстағы шекаралар шегінде Ягодно-Полянск ауданын Төменгі Еділ өлкесіндегі Еділ немістерінің АСКР құрамына қосу туралы» шешім қабылдады.

1934 жылы 10 қаңтарда Төменгі Еділ өлкесі Сарытау және Сталинград өлкелеріне бөліндіПостановление ВЦИК от 10.01.1934 «О разделении Нижневолжского края на Саратовский край с центром в г. Саратове и Сталинградский край с центром в г. Сталинграде».

Географиясы Төменгі Еділ өлкесі солтүстікте Орта Еділмен, батыста — Солтүстік Кавказ өлкесімен және Орталық Қаражер облысымен, шығыста — Қазақ АКСР, оңтүстікте — Дағыстан АКСР шектеседі.

Өлке аумағының жалпы ауданы 333,9 мың км2-ден астам болды (1930 жылғы мәліметтер бойынша). Халқы 5,7 млн адам (1932 жылғы мәліметтер бойынша).

Дереккөздер

Санат:Төменгі Еділ өлкесі