Бақдәулет Маратұлы Сәбитов — Qazaq kuresi Ассоциациясының спортты дамыту  жөніндегі директоры. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші. 06.04.1992 жылы туған. Бойы:  1,70, салмағы: 66 келі

Өмірбаяны Сәбитов Бақдәулет Маратұлы 1992 жылы, 6 сәуірде Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. Ленгер қаласындағы №2 Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте білім алған. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша білім алған (2010-2014). Шымкент университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығын оқыған (2016-2018). Мәскеу инженерлік-физикалық университетінің "менеджмент" мамандығы бойынша магистранты (2021)

Бапкері Жабаев Жанпейіс Жәнібекұлы 1951 жылы 14 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Жаңаұйым елді мекенінде дүниеге келген. Баулыған шәкірттері Әлем, Азия біріншіліктерін бірнеше дүркін жеңіп алды. Сондай-ақ, өз әріптестері арасында еңбекқорлығы мен қарапайымдылығы арқасында құрметке бөленген іскер жаттықтырушы.https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/zhabaev-zhanpej%D1%96s.html

Сұхбаттарынан үзінділер "Балалардың спорттық үйірмеге қатысуына жасалған мүмкіндікті бизнестің жеке мүддесіне пайдалануына жол бермеу керек"https://informburo.kz/kaz/pikir/bakhdaeulet-saebitov/balalardyng-sporttykh-uejirmege-khatysuyna-zhasalghan-muemkindikti-biznesting-zheke-mueddesine-pajdalanuyna-zhol-bermeu-kerek Республика мектептеріне қазақ күресі пән ретінде енгізіледі

Бақдәулет Сәбитов, ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы: - Мамандар дайындауға біршама уақыт бар. Қазіргі таңда 40 минуттан тұратын 100 сабақ жазылды. Енді олар тиісінше мемлекеттік органдарда бекітілу үшін жалғасын тауып жатыр. Алдағы 5-6 жылда біз вариативті сабақ ретінде өткізе тұрамыз.https://khabar.kz/kk/news/item/120241-biyl-respublika-mektepterine-kazak-kuresi-pan-retinde-engiziledi

Qazaq kuresi Ассоциациясының Спортты дамыту директоры Сәбитов Бақдәулет «Қазақстан Барысы» жобасының он жыл көлемінде жүріп өткен жолына шолу жасады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда өткен іріктеу жарыстарынан 37 балуан жолдамаға ие болғанын айтып өтті.https://egemen.kz/article/279410-qazaqstan-barysyna-%E2%80%93-10-dgyl

Еңбек жолы, дәрежелері Qazaq kuresi Ассоциациясының спортты дамыту  жөніндегі директоры Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші Қазақ күресінен Азия чемпионы (2015 ж.)https://alashainasy.kz/kazak_kuresi/kazak-kuresnen-euraziya-baryisyina-katyisatyin-baluandar-belgl-boldyi-104011/ Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" жобасының үш дүркін жеңімпазы Дзюдодан Еуропа Кубогының иегері (2011 ж.) Дзюдодан халықаралық турнирлердің жеңімпазы (2011 ж.) Дзюдодан Әлем кубогының жүлдегері Дзюдодан Әлемдік Гран-при жүлдегері (2013 ж.) ҚР Жазғы Универсиада чемпионы Самбодан Азия чемпионы (2010 ж.) Дүниежүзілік Универсиадаға қатысушы (2013 ж.) Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін төсбелгі иегері (2019)

Галерея

Дереккөздер

Санат:Қазақ күресінен палуандар Санат:Қазақ күресінен Қазақстан чемпиондары