Отырқожа – Бұғылөзек және Бақсай өзендерінің аралығындағы қыстау.
Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылының батысында 16 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы Батысында Текеқұлақорпа, Бақтыбай, солтүстік-батысында Сүлмеқұдық, оңтүстігінде Теген, оңтүстік-шығысында Сарықатын қыстаулары бар. Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, сораң, шағыр, жүзгін, жыңғыл, қызылмия, құланқұйрық, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5
Дереккөздер
Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары Санат:Махамбет ауданы географиясы