Сор – Баянауыл тауының оңтүстік-батысындағы тұзды көл. Ертіс алабында.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорманов ауылының батысында 4 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 405 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,3 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км. Жауын-шашын, жер асты жəне көктемгі қар суларымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, сəуірдің басында ериді. Жағалауы тегіс, аздап тілімденген. Түбі тұнық, жазда мал суарылады. Оңтүстік-батысында Жыланды тауы орналасқан. Алабы – шабындық, мал жайылымы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері