Соналыкөл – Ырғыз өзенінің аңғарындағы тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 242 м биіктікте жатыр. Аумағы 4 км2. Ұзындығы 3,5 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 14,2 км. Жағалауы тегіс, пішіні доғаша тəрізді келген. Жағалауының 100-200 м аралығын қалың қамыс, құрақ басқан. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толығады. Қараша айының аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Оңтүстік-батысында Қыналыкөл, оңтүстік-шығысында Қандысор көлдері жатыр. Алабы шабындық жəне жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Әйтеке би ауданы көлдері Санат:Ырғыз су алабы