Қосшы – Ертіс-Қарағанды каналының сол жағалаулық аңғарындағы төбе.

Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданы Изумрудный кентінің оңтүстігінде 12 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 580 м. Пішіні күрделі келген таудың ұзындығы мен ені 6-8 км шамасында. Таудың шығыс беткейінде қорымтастар шоғыры кездеседі. Батыс беткейі тіктеу, жартасты келген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Қиыршықтасты бозғылт қоңыр және қоңыр топырағында қараған, тобылғы аралас қылқан боз, бетеге, боз, селеу, қоңырбас, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) таулары