Әлім Садуахасұлы Сергібаев (7 наурыз 1959 ж. т. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар станциясы) – баспа өнімдерін шығарудың маманы, полиграфиялық машиналардың инженер-механигі.

Еңбек жолы 1976 ж. ­­­­­– «Кітап» өндірістік бірлестігі «Кітап Фабрикасы» қағаз кесу станогының машинисі 1991 ж. – Бөлім шебері, бастығы 1993 ж. – Мектеп дәптерлері баспасының бас инженері 1993-1995 жж. – Алматы қаласы, полиграфкомбинатының компаниясы, бас инженер 1998-2006 жж. – АҚ «Астана полиграфия» өндіріс басқармасының бастығы, бас инженер, директор 2008 ж. – ЖШС «Бизнес-Пресс» баспа полиграфиялық компаниясы, бас директорының өндіріс бойынша орынбасары 2009 ж. – ЖШС «Сарыарқа» баспаүйі бас директордың өндіріс бойынша орынбасары 2009 ж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архив комитеті баспалар бағдарламасы басқармасы бастығының міндетін атқарушы 2009 ж. – АҚ «Баспалар үйі» президентінің көмекшісі 2010 ж. – ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының Сараптама және баспа қызметі бөлімінің бастығы 2011-2013 жж. – ҚР  Мәдениет министрлігі Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы 2015 ж. - ҚР  Мәдениет министрлігі Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, Баспа бөлімінің басшысы 2018 ж. - ҚР  Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ Редакциялық-баспа басқармасының басшысы

Марапаттары 1985 ж. – Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты 2001 ж. – Мемлекеттік «Алғысхат» алғысы 2003 ж. – ҚР баспа және полиграфия істері қайраткері» атты Құрмет белгісі 2016 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің Құрмет грамотасымен марапатталды 2017 ж. –  Қазақстан Республикасыны  Мәдениет  және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеттінің Құрмет грамотасы 2017 ж. –  Қазақстан Республикасыны  Мәдениет  және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеттінің Алғысхаты.

Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері