Қаратөбе – Амантау тауларының солтүстік-шығысындағы шоқы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан.

Жер бедері Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Абсолюттік биіктігі 416 м. Беткейлері жонды-қырқалы ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік-батысында Өстемір, батысында Топаркөл, солтүстік-шығысында Изенді көлдері жатыр. Шығысынан Құланөтпес өзені ағып өтеді. Етегінде Шұбартөбе қыстауы орналасқан.

Өсімдігі Қиыршықтасты сортаңды бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, бетеге, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары