Сасықбастау – Сасықкөл көлінің солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 466 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге иіле созылған, енді жері 1 км. Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстікке қарай еңістеніп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Ойсексеуіл, шығысында Қызылқақ көлдері, батысында Қалмаққазған құдығы, оңтүстік-батысында Қылы қонысы бар.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, жүзгін, көкпек, бұйырғын, баялыш, т.б. өсімдіктер өседі. Атырабы – мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы таулары