Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев (21 қаңтар 1967, Атырау облысы, Мақат ауданы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Атырау облысының (2006 - 15.08.2012) және Атырау қаласының бұрынғы әкімі. Техника ғылымдарының кандидаты (2008).
Білімі Алматы сәулет-құрылыс институтын (1991) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң университетін (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Өмірбаяны Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан. 1991 жылдан - «Батқазэнерго» АҚ ҚМБ құрылыс учаскесінің шебері, жұмыс өндірушісі. 1992 жылдан - «Одиссей» ЖШК (Ақтөбе) әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі директордың орынбасары. 1995 жылдан - «Аспан» ЖШС құрылыс мәселелері жөніндегі директордың орынбасары (Ақтөбе). 1998 жылдан - «Шат» мұнай компаниясының директоры (Ақтөбе). 2001 жылдан - «Батыс-Мұнай» қазақ-қытай БК директоры, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» Директорлар кеңесінің мүшесі, Ақтөбе облыстық Тәртіп кеңесінің мүшесі. 2002 жылдан - «Қазсыртмаш» Атырау аймақтық филиалының директоры. 2003 жылдан - Атырау облыстық 3-ші шақырылған мәслихатының хатшысы. 2005 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - Атырау қаласының әкімі. 2006 жылдан - 15.08.2012 жылы - Атырау облысының әкімі. 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұсталып, қамауға алынған.
Қоғамдық қызметі Атырау облыстық 3-ші шақырылған мәслихатының депутаты (2003-2005). Марапаттары Меценат Алтын орденімен (2008); «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» (2005); «Почетный гость России» (2007); «Астананың 10 жылдығы» (2008); «Қазақстан полициясына 15 жыл» (2007); «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 10 жыл»; «Парасат» (2008); «Астрахан облысына сіңірген еңбегі үшін» (2008); «Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» (2008) медальдарымен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Мақат ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Атырау облыстық мәслихатының хатшылары Санат:Атырау әкімдері Санат:Атырау облысының әкімдері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері