Сарлыбайбұлақ – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Сарышоқы тауының оңтүстік-батысында 16 км-дей жерде Қытаймен шекаралас орналасқан.
Жер бедері Ең биік жері 2800 м шамасында. Маусым–қазан айлары аралығында салт атты адам өте алады. Асудың солтүстігінен Терісайрық, оңтүстігінен Себете өзендерінің салалары таудың биік жотасынан бастау алады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы асулары Санат:Қытай асулары