Қарақат Башанова (11 наурыз 2008, Рысқұлов, Талғар ауданы, Алматы облысы, Қазақстан) — қазақтың жас әншісі. 2020 жылы «Junior Eurovision 2020» ән байқауында «Forever» әнімен Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, 2-орынды иеленді. Ән байқауы 2020 жылдың қараша айында Польшаның Варшава қаласында орын алды.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқиды.
Вокалмен бес жасынан бастап айналысады, фортепиано мен скрипкада ойнайды.
«Балалар дауысы 2018» республикалық байқауының финалисі, «Бақытты бала 2019» фестивалінде 3-орын алды.Junior Eurovision байқауында Қазақстанды таныстырған ресми өкілдер
Junior Eurovision-ге қатысуы Junior Eurovision ән байқауының 2020 жылғы шығарылымында Қазақстан атынан қатысты.
Жарыс Польшада өткенімен, пандемияға байланысты Қарақат Башанова Польшаға бармай Қазақстандағы студиядан қатысты.
Ол «Forever» (Мәңгілік) әнін орындап, 152 ұпай (83 ұпай әділқазылардан+62 ұпай көрермендердің дауысынан) жинады және екінші орынға ие болды.Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision конкурсында 2-орын алды
Жас орындаушы өз әнін 7 жасында айырылған әкесіне арнаған. Осы өлеңді композитор Хамит Шаңғалиев шығарған. Ән байқауы үшін түсірілген бейнебаянда қызы мен әкесінің түрлі кезеңдегі өмір тарихы көрсетіледі.Junior Eurovision. Қарақаттың бейнебаяны шықты
Кейінгі мансабы 2022 жылдың күзінде Қарақат Бакуде өткен ислам елдері арасындағы байқауда Үзембаеваның «Дударай» атты композициясын орындап, 3-орын алды. Сондай-ақ жас композиторлар арасындағы Prima Nota Fest байқауында арнайы номинация бойынша марапатталды.Еуропаны тамсандырған Қарақат Башанова қайда жүр?
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Junior Eurovision 2020 байқауындағы Қарақат Башанованың профилі
Санат:Қазақстан бала әншілері Санат:Junior Eurovision ән байқауының қатысушылары