Чарльз Гловер Баркла (; 7 маусым 1877 — 23 қазан 1944) — 1917 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын алған ағылшын физигі.
Өмірбаяны Солтүстік Англияның Ланкашир округіндегі Уиднес қалашығында (қазіргі уақытта бұл қала Чешир округінің бөлігі болып табылады) химиялық компания қызметкерінің отбасында дүниеге келген.
Білім Ол Ливерпуль институтында, ұлдарға арналған жеке мектепте және Ливерпуль университетінде оқыды. 1899 жылы Оливер Лоджаның басшылығымен физика магистрі дәрежесін алғаннан кейін Кембридж университетіндегі Кавендиш зертханасында ғылыми-зерттеу стипендиясын алды.
Жұмыс 1899-1902 жылдары — Дж. Дж. Томсон басшылығымен жұмыс істеді. 1909 жылы — Лондон университетінің Кингс колледжінде физика профессоры болды. 1913 жылы — Эдинбургке көшіп, Эдинбург университетінің жаратылыстану философиясы кафедрасының меңгерушісі болды, ол қайтыс болғанға дейін басқарды.
Отбасы 1907 жылы — Мэри Эстер Коуэллге үйленді. Олардың екі ұл, бір қызы болды.
Ғылыми үлесі 1902 жылы Баркла рентген сәулелерімен жұмыс істеді. Ол химиялық элементтерге тән рентген сәулелерін және шашыраңқы рентген сәулелерінің флуоресценттік компонентін ашты. Ол сондай-ақ рентген сәулелерін электромагниттік сәулелену ретінде түсіну үшін үлкен маңызы бар рентген сәулелерінің поляризациясын ашты. 1917 жылы ол «элементтердің сипаттамалық рентгендік сәулеленуін ашқаны үшін» физика бойынша Нобель сыйлығын алды.
Естелік 1979 жылы Халықаралық астрономиялық одақ Айдың көрінетін жағындағы кратерге Чарльз Гловер Баркланың есімін берді.
Дереккөздер
Сілтемелер Информация с сайта Нобелевского комитета
Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (Ұлыбритания) Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Ұлыбритания физиктері Санат:XX ғасыр физиктері Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Ливерпуль университеті түлектері Санат:Кембридж университеті ғалымдары