Базарқақпа — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Қаратөбе ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукенттен оңтүстікке қарай 27 км жерде, Сайрамсу өзенінің сол жақ саласы бойында.

Халқы Тұрғыны: 5,8 мың адам (2003); 6,9 мың адам (2009).

Тарихы Базарқақпа тұрған жерде ертеректе ірі қала болған. 1964 жылы көкөніс-сүт бағытында құрылған «Коммунизм» ұжымшарының орталығы болып, «Коммунизм» ауылы деп аталған. Ұжымшар негізінде Базарқақпада егін, көкөніс, сүт өндіретін шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері