Қособа – Тобыл алабындағы батпақ.
Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылынан батысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 212 м биіктікте жатыр.
Жер бедері Аумағы 10 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 15,4 км. Батпақтың басым бөлігін қамыс, құрақ басқан. Көктем айларында аумағында шағын көлдер пайда болады. Жылдың басқа мезгілінде шалшықты батпаққа айналадыАТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5.
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы географиясы