Карлос Солер Барраган (; 2 қаңтар 1997, Валенсия) — испаниялық футболшы, Испания Ұлттық футбол құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы. 2020 жылы Жазғы Олимпиадаға, 2022 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Мансабы

Клубтық Солер "Валенсия" клубының түлегі. 2014 жылдан бастап Карлос «жарқанаттардың» екінші командасы – «Валенсия Месталья» сапында ойнай бастады. 2016 жылы 10 желтоқсанда ол Реал Сосьедадқа қарсы Ла Лигадағы тұңғыш ойынын өткізді, екінші таймда Марио Суарестің орнына шықты . 2017 жылы 21 қаңтарда "Вильярреалға" қарсы жекпе-жекте Солер Валенсия сапындағы алғашқы голын соқты.

Халықаралық 2021 жылдың 2 қыркүйегінде Швецияға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Солер Испания құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Сол кездесуде Карлос ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.

Жетістіктері

Испания кубогының иегері: 2018/19 Франция чемпионы: 2022/23 Еуропа чемпионатының жеңімпазы: 2019 (21 жас) Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 2021

Дереккөздер

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары