Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (қысқартқанда ҚР ҒЖБМ) — Қазақстандағы жоғары білім, тіл саясаты, ғылым салалары және бұл салалардағы цифрландыру мәселелеріне жауапты Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік орган.
Тарихы 1992 жылы ақпанда Үкімет құрамында Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi құрылды.
1996 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi біріктіріліп, орталық атқарушы орган Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы құрылды.
1999 жылы қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрлігі, ал ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырылды.
1999 жылы қазанда Білім, денсаулық сақтау және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар өкілеттіктерін Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі, Туризм және спорт жөніндегі агенттігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне бере отырып, Білім және ғылым министрлігіне бірікті.
2003 жылы қазанда Қазақстанның жетекші ғалымдарының бастамасымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, қоғамдық бірлестік ретінде жұмысын жалғастырды.
2022 жылдың 11 маусымында президент Тоқаев жарлығымен Білім және ғылым министрлігі екі министрлікке бөлінді: Асхат Аймағамбетов басқарған Оқу-ағарту министрлігі және Саясат Нұрбек басқаратын Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Басшылығы
Министр — Саясат Нұрбек. Министр орынбасары — Талғат Есенқұлов. Министр орынбасары — Гүлзат Көбенова. Министр орынбасары — Динара Щеглова. Аппарат басшысы — Мадияр Қожахмет.
Қызметі Министрліктің ресми сайтының мәліметінше министрлік «жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асырады».
Комитеттері Ғылым және жоғары білім министрлігінің 4 түрлі ведомствосы бар: Ғылым комитеті Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Тіл саясаты комитеті.
Қарамағындағы ұйымдар Мемлекеттік заңды тұлғалар «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалар "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ "Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" КеАҚ "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" КеАҚ "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КеАҚ "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" КеАҚ "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КеАҚ "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" КеАҚ "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ "Шәкәрім университеті" КеАҚ "Торайғыров университеті" КеАҚ "Қарағанды индустриялық университеті" КеАҚ "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" КеАҚ "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" КеАҚ "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ "Рудный индустриялық университеті" КеАҚ "Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" КеАҚ "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КеАҚ "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КеАҚ "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КеАҚ "Азаматтық авиация академиясы" АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымы "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" КеАҚ "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі Партиясы Үкімет басшысыҒылым және жаңа технологиялар министрлiгi (1992–1996)199pxҒалым Әбілсейітовмаусым1992тамыз1994белгісізТерещенко299pxВладимир Школьниктамыз1994наурыз1996ПартиясызТерещенкоҚажыгелдинҒылым министрлiгi — Ғылым академиясы (1996–1999)199pxВладимир Школьникнаурыз1996қаңтар1999ПартиясызҚажыгелдинБалғымбаевҒылым және жоғары білім министрлігі (1999)199pxВладимир Школьникқаңтар1999қазан1999ПартиясызБалғымбаевБілім және ғылым министрлігі (1999–2022)199pxҚырымбек Көшербаевқазан199918 желтоқсан2000белгісізТоқаев299pxНұралы Бектұрғанов18 желтоқсан2000қаңтар2002белгісізТоқаев399pxШәмшә Беркімбаевақаңтар200214 маусым2003белгісізТасмағамбетов499pxЖақсыбек Құлекеев14 маусым200313 желтоқсан2004белгісізДаниал Ахметов599pxБірғаным Әйтімова13 желтоқсан200419 қаңтар2007белгісізДаниал АхметовМәсімов I699pxЖансейіт Түймебаев19 қаңтар200722 қыркүйек2010белгісізМәсімов I799pxБақытжан Жұмағұлов22 қыркүйек20102 қыркүйек2013белгісізМәсімов IСерік Ахметов899pxАслан Сәрінжіпов2 қыркүйек201310 ақпан2016белгісізСерік АхметовМәсімов II999pxЕрлан Сағадиев10 ақпан201625 ақпан2019белгісізМәсімов IIСағынтаев1099pxКүләш Шәмшидинова25 ақпан201913 маусым2019белгісізМамин I11 99px Асхат Аймағамбетов13 маусым201911 маусым2022 белгісіз Мамин IМамин IIСмайылов IҒылым және жоғары білім министрлігі (2022 бері)199pxСаясат Нұрбек11 маусым2022—АманатСмайылов IСмайылов IIБектенов I
Дереккөздер
Ғ Санат:Білім министрліктері Санат:Ғылым министрліктері