Бөгенбай би ауылы (2007 жылға дейін – Лосевка)Зеренді және Аршалы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Викторов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы — Зеренді ауылынан оңтүстікке қарай 17 км-дей жерде, Айдабол көлінің шығыс жағалауында орналасқан.
Тарихы Іргесі 1890 жылы қаланған. Ауыл 2007 жылға дейін "Лосевка" деп аталып келген.
Инфрақұрылымы Мектеп, дәрігерлік пункт, дүкен бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Ең жақын темір жол стансасы — Көкшетау (72 км).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен370250 185 74 130 108 83,1 120 77 64,2
Дереккөздер
Санат:Зеренді ауданы елді мекендері